Бағаларды саралау - бірдей өнімдерге табиғи, территориялық және басқалай кәсіпорынға қатыссыз шығындар, өнімді өндіру және өткізу шығындарының айырмашылығы, өнім сапасының өзгешелігіне байланысты әр түрлі бағаларды белгілеу.
Баға саясаты – фирманы тауарларын өткізу үшін жасалынған типтік мәміледе баға анықтаудың стандарттық ережелер жүйесі.
Баға белгілеу тактикасы – фирма, өнімдердің бағаларын басқару мақсатында пайдаланатын нақты тәжірибелік шаралар жиынтығы. Ол баға белгілеушілердің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Бағаның көмегімен нормалау – тапшы тауарлардың тұтынылуын баға механизмін пайдалана отырып нормалау, яғни бағаның деңгейі ол тауарды тек бай адамдар тұтыну мүмкіндігін жасайды.
Баға тұрақтылығы – инфляция қарқыны ең төменгі деңгейде және экономикалық шешімдерді қабылдау үдерісіне әсер ете алмайтын жағдай.
Баға шатыры – көшбасшы фирмалардың бағаны белгілі – бір нарық сегментіне жоғарғы деңгейдегі пайдалылықты ескере отырып қалыптастыруы.
Бағаны ырықтандыру – бағаны әкімшілік бақылаудан босату; бағаны нарықтық экономика заңдары бойынша, тауар өндірушілердің бәсекелестігі әсерінен, тауарлардың сұранысы мен ұсынысы негізінде қалыптастыру.
Бағалау объектілерінің экономикалық өмірінің қалдық мерзімі – бағалау күнінен бағалау объектілерінің экономикалық өмір сүру мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзім;
Баламалы пайдалану – елеулі пайдаланудан ерекшеленетін және бағалау объектісінің аса тиімді пайдаланылуын талдау уақытында қарастырылатын жылжымайтын мүлікті пайдаланудың ықтимал нұсқалары;
Биржа бағасы – сапасына, биржа ережелеріне сай жеткізіп беру орнынан қашықтығына және биржалық стандарттан басқалай ауытқуларға байланысты, биржалық баға белгіленімінен және үстеме әлде шегерімдерден қалыптасатын баға.