«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Өндірістік шығындардың өсуіне реакция жасау варианттары әлде сұраныстың баға



бет123/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   130
Өндірістік шығындардың өсуіне реакция жасау варианттары әлде сұраныстың баға көтерілуінсіз өсімі – 1. Бұйым көлемінің кішірейуі; 2. арзан материалдар мен ингредиенттерді пайдалануға көшу; 3.өндірістік шығындарды төмендету мақсатында бұйымның қандайда бір конструктивтік ерекшелігінен бас тарту әлде бұйымды сипаттайтын көрсеткіштер деңгейін азайту; 4. сервис деңгейін кеміту әлде көрсетілетін қызметтерді тоқтату;5. буып – түю үшін арзан материалдарды қолдану әлде буып түю құнын арзандату үшін көлемі үлкен ыдыстарды қолдануға көшу; 6. ұсынылатын размерлер мен модельдердің санын азайту; 7. жаңа үнемді сауда маркаларын қалыптастыру, құру.
Өнімді өткізуден түскен ақшалай түсім – кәсіпорынның өндірістік – шаруашылықтық және коммерциялық әрекетінің маңызды нәтижесі; ол негізінен әлемдік тәжірибедеқабылданған «сату көлемі» көрсеткішіне сай келеді; Ө. өт.т. ақ т. – дәл осы кезеңге -( ай, квартал, жыл) өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) кәсіпорынның банкідегі есеп шотына, кассасына және басқалай нақты түскен ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Ө. өт.т. ақ т. құрамына өз өндірісінде өндірілген жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер үшін, сатып алынған бұйымдарды (детальдар комплектация жасау үшін) өткізуден түскен ақшалай түсімдер енеді. Ө. өт.т. ақ т. өткізілген өнім көлеміне, оның ассортиментіне, сапасы және сортына және баға деңгейіне тікелей тәуелді.
Өнімді өткізуден түсетін ақшалай түсімнің толық мөлшерде және дер кезінде түсуі шаруашылықты жүргізу объектісінің қаржы қаражат жағдайының жақсы болуына әсерін тигізеді.


Өтімді – жаппай сату бағасы – белгілі шегерімдері бар тұрақтанған баға; маусым аяқталғанда (кейде маусым уақытында) маусымдық сұранымға ие тауарларға белгіленеді, әлде тауарлардың жаңа модельдерінің пайда болуына байланысты ескірген модельдерге (үлгілерге), әлде сәннен шыққан тауарларға белгіленеді. Өтімді – жаппай сату бағасы артық тауар қорын жою үщін, залал болдырмау мақсатында, әлде осы аталған тауарларды өткізуден аз да болса (әдеттегі деңгеймен салыстырғанда) пайда табу мақсатында пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет