137
13. а) Өз достарыңыз, туыстарыңыз қандай кітапты жақсы көреді, не оқиды? Сұраңыз,
біліңіз.
б) «Кітап жаршысы» газетінен ақпараттарды оқыңыз. Оларды қандай кітаптар
қызықтыруы мүмкін, айтыңыз.
в) Мына ақпаратқа назар аударыңыз. Сіз қандай пікір айтар едіңіз?
14. Өзіңіз туралы көбірек білгіңіз келе ме? Тест сұрақтарына жауап беріп көрелік.
Ия
Жоқ
Сіз күнде кітап оқисыз ба?
Газетті ше?
Өзіңізді білімді адам санайсыз ба?
Раушан гүлін жақсы көресіз бе?
Томас Корли өзінің «Ауқатты адамдардың күнделікті әдеттері» атты
кітабында байлар мен кедейлердің өмірін салыстыра отырып жүргізілген
өте қызықты зерттеудің қорытындысын келтіреді. Зерттеу қорытындысына
сүйенсек, ауқатты адамдар теледидар қарауға уақыт шығындамайды.
Олардың 67 %-ы теледидарды күніне бір сағатқа жетер жетпес қана уақыт
көреді екен. Кедей тұратындардың 78%- ы реалити-шоу көрсе, мұндайды
көретін байлардың үлесі 6% ғана. Есесіне, ауқатты адамдардың 86 %-ы
кітап оқығанды жақсы көреді. Оқуды жақсы көретіндердің үлесі – 26%.
АҚШ-та ауқатты адамдардың 88 %-ы күн
сайын кемінде жарты сағат
әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқиды екен. Ал тұрмысы төмен адамдардың
арасында мұндайды әдетке айналғандар 2% ғана көрінеді.
Ауқатты
адамдардың 63%-ы жұмысқа бара жатқанда да аудиокітапты тыңдауды
әдетке айналдырған.
Достарыңызбен бөлісу: