22. Мәтінді оқыңыз. Журналист ғылым саласындағы лауреаттар туралы мақала жазды. Мақаланың әр бөлігін ол жеке қағаздарға жазды. Осы мақаланы газетке жазу үшін осы бөліктерді логикалық бірізділікпен орналастыруы керек. Қай бөлігі бірінші болады, қай бөлігі екінші болады,т. б., ойланып көріңіз. Бірге күлейік! Мұғалім:
– Балалар, бүгінгі шығарманың тақырыбы «Егер де мен президент болсам...». Жазыңыздар.
«Егер де мен президент болсам, мен үлкендердің бәрінің жалақысын көтерер едім, аталар
мен әжелердің зейнетақысын көтерер едім», – деп Толғанай ойланып отыр.
«Егер де мен президент болсам, мен жаңа мектептер мен балалар бақшасын салар едім», – деп
ойланып отыр Айдын.
«Егер де мен президент болсам, балаларға мектепке сабаққа бармауға, үй тапсырмасын
жасамауға рұқсат етер едім», – деп армандап отыр Ілияс.
Тек қана Қарлығаш қана ештеңе жазбай отыр.
Оқытушы таңданып: «Сен неге жазбай отырсың?» – деп сұрайды.
– Егер де мен президент болсам, менің неге жазуым керек, – деп, жауап береді Қарлығаш.
П
етр Леонидович Капица Нобель сыйлығын алған соңғы кеңестік физик болды. Ол 1978
жылы осы сыйлықты алды.
Жорес
Ивановичтің
жаңалықтарын
компьютерде,
автомобиль
фарларында,
супермаркеттердің кассаларында қолданады. Ол жартылай өткізгіш лазерді жасағаны үшін
Лениндік сыйлық алған кезде және АҚШ-тың жоғары ғылыми марапаты Франклиннің алтын
медалін алған кезде, алғаш рет әлем таныды.
Жорес Алферов танымалдылықты жаратпайды, себебі бұл жұмысына кедергі келтіреді.
Ғалымның анасы және оның барлық достары оны Жора дейді. Оның отбасы бар. Жұбайыныың
аты – Тамара Георгиевна. Ол – филолог. Олардың ұлы бар. Ол 1972 жылы дүниеге келген. Иван
әкесі сияқты электоротехникалық институтты бітірген. Содан кейін бизнеспен айналыса
бастады.
2000 жылы Санкт-Петербургтен Ресей академигі Жорес Алферов жылдамдығы жоғары
суперкомпьютер жасағаны үшін Нобель сыйлығын алды. Интернетте ол туралы шағын
анықтама бар: Ресей Ғылым Академиясының вице-президенті, Санк-Петербургтік
А.Ф. Иоффе атындағы физикалық-техникалық институттың директоры (осы институттан төрт
Нобельдік сыйлықтың лауреаттары шықты: Николай Семенов, Лев Ландау, Петр Капица және
Жорес Алферов). Бірақ егер де Алферовтың жаңалығы болмаса, Интернет торабының өзі де
да болуы мүмкін емес еді. Планетаның әрбір тұрғыны күн сайын дерлік Жорес Алферовтың
ғылыми жұмысының нәтижесін пайдаланады. Барлық ұялы телефондарда Алферов жасаған
элементтер бар.
Жорес Алферов Нобель сыйлығын алған кезде, ол сыйлықтың бір бөлігін Петербургте құрған
ғылыми білім беру орталығына беруді шешті. Осы орталыққа келген оқушылар бірінші осы
орталықта оқиды, одан кейін институтта, аспирантурада оқиды, академиялық білім алады.