қайталаймыз
.
• Бағыттың берілуін;
• Мезгілдік мағынаның берілуін;
• Нақты уақыттың берілуін
үйренеміз
.
195
Оқыңыз
1. а) Қандай белгілі саяхатшыларды білесіз?
Бару – қайда? – оңтүстікке, солтүстікке, Көкшетауға, шетелге
Оқыңыз.
Саяхаттауды, теңізде, тауда демалуды, әртүрлі қалалармен танысуды, әр түрлі елдерге
баруды жаңа адамдармен, жаңа мәдениетпен танысуды жақсы көрмейтін адам аз шығар.
Саяхаттау мынадай сұрақтардан басталатыны белгілі:
– Қайда барамыз, қашан?
– Ондағы климат қандай?
– Нені міндетті түрде көруіміз керек?
– Кіммен кеңесу керек?
Әрбір адам өз өмірінде бір рет болса да экзотикалық аралдарға барғаны, әлемге белгілі Тәж
Махалды, Эйфель мұнарасын, Биг Бенді, Стоунхендж құрылысын, Александрия маягын көргені
дұрыс. Бұл тізімді жалғастыра да беруге болады. Бұл бәрімізге қажет. Әрбір сапарыңыздан
қаншама қызықты ақпарат аласыз.
Миллиондаған адамдар өздерінің демалысын саяхаттаумен өткізеді. Сіз саяхаттауды жақсы
көресіз бе?
Сапар Ысқақұлы – жер шарындағы барлық
6 континентте, 100-ден астам елдерде болған,
отбасымен бірге Гималай тауларында болып,
Хан-тәңірі шыңына шыққан, 2008 жылы есімі
ҚР КИ және Ес рекордтар кітабына енгізілген,
біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет 2007
жылы Оңтүстік полюсте (Антарктикада) болып,
ҚР ұлттық туын орнатқан, оның бұл ізгі ісі
Антарктиканың Үлкен кітабына тіркелген, 2008
жылы Солтүстік полюсті (Арктика) бағындырған,
балалар
және
жасөспірімдер
туризмін
ұйымдастыруға ықпал жасағаны үшін «Алтын
компас» кубогімен марапатталған атақты саяхатшы.
Қазір қазақстандық дәулетті кісілердің көпшілігі әлемнің інжу-маржаны саналатын көрікті
жерлерінде демалып, ғаламның ұлы кереметтерін көзбен көріп, шетелдік түрлі тағамдардан
дәм татып қайтуда. Елімізде мұндай туристер көп. Сапар ағамыздың бұл саяхатшылардан
артықшылығы – таңғажайып табиғат, өнер ескерткіштерін, таңсық ел мен жерді өзі, отбасымен
ғана көріп қайтпай, осы саяхатынан жолжазба очерктерді жазып, оны түрлі-түсті суреттермен
кітап етіп шығарып, қалың елге таныстыруы. Бұл кітаптар: 2006 жылы жарық көрген 268
беттік «Таңғалған жолаушы» (Очарованный странник), 2008 жылы тұсауы кесілген 368 беттік
«Әлемнің сегізінші кереметі немесе әлем дидары жиһангер көзімен» (Восьмое чудо света или
мир глазами туриста), 2010 жылы оқырмандардың қолына тиген 368 беттік «Жер шарына
саяхат» (Путешествие вокруг света). Мұның сыртында Сапар Ысқақұлы 2004 жылдан бастап
әрбір тоқсан сайын туризм жөнінде «Очарованный странник», 2006 жылдан бастап «Сапар
– Саяхат» журналдарын шығарып әрі кәсіпқой журналист ретінде ол басылымдардың бас
редакторы болып, халықтың дүниетанымын байытуға сүбелі үлес қосып келеді. Ағамыздың
осы ізгі істерінен-ақ оның өмірбойы елі үшін еңбек етуді, Қазақстанды әлемге танытуды, ел
мен елді бір-біріне жақындатуды, отандастарын да осындай ұлы мұраттарға тәрбиелеуді өзінің
ең асыл азаматтық парызы санайтынын айқын аңғарамыз (интернеттен).
Жетпістегі жиһанкез
196
Достарыңызбен бөлісу: |