15. Жазыңыз. Сан есімді тіркестерге назар аударыңыз. Екі жүзден астам шетелдік студенттер әлемнің
92 елінен келді.
Үш ғасырдан астам уақыт, 30 000 астам оқушы жазғы емтиханға қатысты,
мыңдаған адам үй алды,
миллиард жыл ,
миллиондаған адам ,
156 академик .
Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы
болып табылады. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1
қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елдімекен бар.
Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Осы қалада қараған көп өсетіндіктен «Қарағанды» деп
аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан.
Қозғалыс бағытының берілуі Жаңа грамматика Барыс септігі Салыстырамыз – Қайда барасың?
– Мен университетке, лекцияға барамын (мекен).
– Қонаққа кімге барасың?
– Мен Дәулетке (Жандосқа, Ақботаға, Майра Қуанышқызына, достарыма) қонаққа
барамын (адамдар).
16. Қалай таңдануға болады? Мысалы: – Кеше Мақсатқа Фазыл келіп кетті.
– Мақсатқа ма? Олар достар ма еді? Араласушы ма еді? – Мен кеше Олжасқа бардым.
–
______________________________________________________________________________________________________________________ ?
– Айнұр жексенбі күні Қуанышқа, саяжайға барғысы келеді.
–
______________________________________________________________________________________________________________________ ?
– Ол Лаураның туған күніне барады.
–
______________________________________________________________________________________________________________________ ?
– Олар Сәуле Бейсентайқызына қонаққа барады.
–
______________________________________________________________________________________________________________________ ?
– Біздің балаларымыз жазда әжесіне барады. Әжелерін жақсы көреді.
–
______________________________________________________________________________________________________________________ ?
– Профессор Алмасқа ертең лекция оқитынын айтты.
–
______________________________________________________________________________________________________________________ ?