2. Цифрлар сөйлейді. Қазақстандықтар не оқиды? Көп оқи ма?
133
БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАН ОҚЫРМАН ЕЛ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛА МА?
Көптеген зерттеулер ондай атақтың біздің елді айналып өткенін растайды. Аз оқимыз.
Қазақстандықтардың төрттен бірі жылына бірде-бір кітап оқымаған, я кітап оқуға қызықпаған.
Қалғандары жиі оқи ма? Не оқиды? Ірі қалалардың тұрғындарын саяси шешімдер институтының
әлеметтанушылары осы мәселе бойынша сауалнамаға тартып көрген. (Сауалнама 2012 жылдың
маусымында Қазақстанның 16 қаласында өткізілген (14 облыс орталықтарында және Алматы,
Астана қаласында). 2307 адам сауалнамаға қатысқан. Сауалнама нәтижесін қорытындылайтын
болсақ, зейнетақы алдындағы Петропавловск қаласының әйелдернің қолдарынан детективтерді
көресіз. Әдебиеттердің осы жанры бойынша да қалалар бойынша да осы жастағылар көш бастап
тұр. Цифрлардан нақты картина байқалады.
Көп оқимыз ба?
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі ((40,1%) жылына бірнеше кітап оқиды. Әрбір
бесіншісі (21,6%) – 1-3 кітап айына оқиды; күнде кітап оқуға уақыт бөлетіндер аз – 13,3%.
Тұрғындардың төрттен бірі өздерін оқымайтындар қатарына жатқызатындар екі категорияға
бөлінеді: 15,1% бір жылда бірде бір кітап оқымағандар; 9,9% оқуға ешқашан қызықпағандар.
Саяси шешімдер институтының әлеуметтанушылары сауалнама қорытындысын шығара келе,
олар жас ерекшелігіне қарай рейтинг жасады.
Жағдаят былай:
18-19 жастағылар – 75,3%. Жеткілікті көп оқиды, негізінен студенттер: қажеттіні ұнамаса да
оқиды.
20-29 жастағылар – 74,1%.
30-39 жастағылар – 72,6%. Мұнда жұмыс бірінші кезекте болуы ықтимал.
40-49 жастағылар – 76,5%. Оқуға деген қызығушылық қайта оралған.
50-59 жастағылар – 78,7%. Максимальді пайыз.
60 жастағылар және одан үлкеніректер – 77,2%.
134
Достарыңызбен бөлісу: |