Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


Сіз мына сөздерге келісесіз бе? Кімнің пікірі ұқсас? Бұл туралы сіз не ойлайсыз?



Pdf көрінісі
бет113/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

29. Сіз мына сөздерге келісесіз бе? Кімнің пікірі ұқсас? Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
1) – Сіз қалай қарайсыз, білмеймін. Мен классиканы мектепте де оқымадым, жақсы көрмеймін. 
Осы кітаптарда қандай қызық бар екенін түсінбеймін.
2) – Мен детективтерді оқымаймын, оқығым да келмейді. Нағыз әдебиет
дегеніміз – классика. Классикалық әдебиет – мұражайлық экспонат емес. Ол өмір сүреді, 
өмір сүре береді, себебі ол адам жанына жақын, адам жанының айнасы. Адамның қашан, 
қайда туылғаны, қай тілде сөйлейтіні маңызды емес.
3) – Әдебиетті мектептегідей оқымау керек. Бұл жазушыға деген сүйспеншілікті жоғалтады.
Мысалы біз тек қана өлеңді ғана емес, романдардың беттерін де жаттадық. Айтыңызшы, 
қай оқушыға бұл ұнайды? Әрине, ол романды да, жазушыны да жек көре бастайды.
Айтпақшы, сіз Мұқановты оқыдыңыз ба, не айтар едіңіз?
4) – Мен оның «Адасқандарын», «Аққан жұлдызын» жақсы көремін, ал, «Ботакөзі» ұнамайды. 
5) – Жуықта классиктер болады деп ойламаймын, тек қана жаппай мәдениет болады: адамдар 
детективтер оқитын болады. Студенттер «детектив классиктерінің шығармалары» 
бойынша емтихан тапсырады. Неге бұлай ойлайды дейсіз ғой. Көп адамдар жеңіл жолды 
таңдайды. Өмірде ғана емес, өнерде де. Иоганн Штраустың вальсін немесе поп-жұлдыздың 
әндерін тыңдау жеңілірек. Себебі бұл ешқандай қиын емес. Бұл – жалқаулардың мәдениеті. 
Әрине, әлемде нағыз өнермен айналысатын адам жоқ дегенім емес. Әлемде тек қана жейтін, 
ұйықтайтын, детективтер ғана оқитын адамдар ғана емес, рухани бай адамдардың көп 
болуы тиісті.
6) – Меніңше, қазір жағдаят басқаша. Бірнеше жыл бұрын жастар теледидар мен пепсиді 
таңдаған, детективтер мен батыстан келген махаббат туралы бестселлерді ғана оқыған. Бұл 
өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында болған. Ал қазір жастар дүкендерден салиқалы, 
салмақты әдебиеттерді алады: классиканы, тарихи кітаптарды, оқулықтарды ( экономика, 
заң, шет тілі және т.б.) Астана, Алматы қалаларында үлкен кітап дүкендері бар. Онда күн 
сайын жүздеген адамдар болады. 
Әлеуметанушылардың айтуынша, кітап сатып алушылардың көпшілігі жоғары және орта 
білімді адамдар.


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет