Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


Газеттен өзіңіз де үш мақала оқыңыз, олар не туралы, айтыңыз



Pdf көрінісі
бет116/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

34. Газеттен өзіңіз де үш мақала оқыңыз, олар не туралы, айтыңыз.
Көркем әдебиет оқитындарға арналады
Мәтінді оқуға дайындалайық.
Қалай ойлайсыздар: шыншыл достарыңыз көп пе? Олардың шыншылдығы неден көрінеді?
Мына сөздермен жұмыс істеңіз (сөздіктен қараңыз).
Әйгілі, түстену, темекі тарту, қызу талқылау, жұмыссыз қалу, қайыршылық, үміт, телміре қарау, 
жаны ашу, өкінішке қарай, құпия, тиын-тебен, ұялу, ыңғайсыздану, ойланбастан, өкіну, қара басу, 
жазғыру, аңқау, зауқы соқпау, бір-бірлеп, есеп беру, күмән, шексіз, шаттық, шыншыл, құлағына 
үйір болу, таң қалу.
Мәтінді бір рет оқып, сұрақтарға жауап беруге дайындалайық:
Бұл әңгіме не туралы? Гарис кім, Варонтен кім? Ол Варонтенге қалай көмектесті? Құпия нөмірсіз 
карточкада қанша ақша бар еді? Гарис неге өкінді? Олар нені күтпеді? Варонтен қалай есеп 
берді? «Нью-Йорк почта газетіне» олар не туралы хабарлады? Валонтерге қандай көмек келді?
Валонтердің есіне не түсті? Валонтердің түйін сөзі қандай еді? 
Қазiргi Иранның ең белдi әрi талантты жазушыларының бiрi – Мұстафа 
Мәстүр. Оның осыдан 10 жыл бұрын жарық көрген “Алланың ажарын 
сүй” (“Поцелуй прекрасное лицо Бога”) деген романы 172 мың данамен 
40 рет қайта басылды. Тегеранда. Әрине, оқырмандардың, әдеби-мәдени 
зиялылардың сұранысы бойынша. Оқырманның сұранысы бойынша 
қырық рет (!) қайта басылған романды неге қазақшаға аудармасқа? 
Бұл жөнiнде баспагерлерiмiздiң ойланғаны жөн-ақ. М.Мәстүр жақында 
Мәскеуде болып, “Литературная газетаға” (11-17 шiлде, 2012 жыл) 
сұхбат бердi. Ендi осы сұхбатты назарларыңызға ықшамдап, қысқартып 
ұсынуды жөн көрдiк.
– Орыс әдебиетiмен парсы жұртшылығы да таныс шығар?
– Парсының жазушылары, әдебиетшiлерi, зерек оқырмандары орыстың ХIХ–ХХ ғасырдағы 
классик жазушыларын жақсы бiледi. Ал әдеби сынға келсек, орыс зерттеушiлерiнiң әдеби 
сынның теориясына арналған iргелi еңбектерi түгелдей дерлiк парсы тiлiне аударылды.
– Қазiргi күнi парсы жазушыларын қандай тақырыптар толғандырады?
– Бұрындары парсы жазушыларын саяси, әлеуметтiк мәселелер көп қызықтыратын. Ал 
соңғы жылдары парсы прозасы өзiн-өзi тереңнен ақтару, ақтара отырып, iшкi сырды жайып салу 
формасын (исповедальная форма) жақсы игерiп алды.
– Сiздерде цензура бар ма?
– Бар. Мәселен, эротикалық сипаттағы әдебиетке қатаң тыйым салынған.
– Әйел-жазушылар бар ма?
– Бүгiнде бiздiң елде әйел-жазушылардың саны өте мол. Оны айтасыз, бiзде әйел-режиссерлер 
де өте көп.
– Иран жазушылары қазiр қандай тiлдерге аударылып жатыр?
– Ағылшын, кәрiс, француз, немiс, араб тiлдерiне.
– Иранда жазушылар өз еңбегiмен, яғни тек жазып-сызумен күн көре ала ма?
– Тек талантты, дарынды, ұлттың сұранысына ие жазушылар ғана қаламақымен күн көре 
алады.


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет