Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


 Егер шетелдік студент болсаңыз, сіздерде қандай газеттер шығады? Олар туралы не



Pdf көрінісі
бет115/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

31. Егер шетелдік студент болсаңыз, сіздерде қандай газеттер шығады? Олар туралы не 
айта аласыз? Өзіңіздің досыңызға қай газетті оқуға кеңес бересіз? Неге?
32. Өз бетінше оқуға арналған газет мақаласын оқыңыз. Не туралы айтылған, әңгімелеңіз.
Бразилияның «Орталық аялдама» атты классикалық 
киносы бірнеше рет халықаралық кинофестивальдердің 
айтулы сыйлықтарын қанжығасына байлаған. Киноға Дора 
есімді әжейдің Муса атты балаға серік болып, ит арқасы 
қияндарды шарлап, оның әкесін бірге іздескені туралы 
хикая арқау етілген. Ал біздің айтқалы отырғанымыз 
бұдан басқа әңгіме.


146
http://massaget.kz 
Дайындаған: Алшын Матай 
(Сурет: 
alsolikelife.com
)
Ал кейінгі әңгіме айтпаса да түсінікті. 
Бұл кино керемет сәтті шығып, Винисиус де 
Оливейра есімді әлгі бала Бразилиядағы елге 
танымал әйгілі шолпанға айналады. Ал әңгімені 
басқа тақырыпқа бұрсақ, Бразилиядағы аяқ 
киім майлаушы бала Винисиус емес, 2003-2011 
жылдар аралығында Бразилияның президенті 
болған Лула да Силва есімді аяқ киім майлаушы 
бала. 
Жас режисер Вальтер Саллес Бразилияның 
түкпір-түкпіріндегі балалар арасынан бас кейіпкерді 
сомдауға лайықты кішкентай ұл бала іздейді. Бір 
күні ол жұмыс бабымен Рио-де-Жанейро әуежайына 
барғанда, бір кішкене ұл бала оның аяқкиімін сүртіп 
бермек болады. Бірақ тәкаппар жас режиссер одан 
бас тартып, аяқкиімін майлатпайды. Әлгі ұл бала еш 
тайсалмастан: «Ендеше маған нан сатып алуға қарыз 
бере тұрыңыз, мен қолыма ақша түскенде, сізге сөзсіз 
қайтарып беремін», – дейді.
Дәл сол сәтте, ол алдында тұрған осы арық 
баланың өз көңіліндегі киноның бас кейіпкерінен 
аумайтындығын аңғарады. Оның көңіліне түйіп, 
іздеп жүрген кейіпкері осы балаға құйып қойғандай 
ұқсайтын еді. Балаға нан сатып алатын ақшаны 
береді де: «Ертең сен менің кеңсеме кел. Ол жерде 
қарныңды тойғызатын тамақ та, ақша да бар», – 
дейді.
Келесі күні әлгі баланың өзі ғана келмей, 
айналасындағы барлық аяқкиім майлап, ақша 
табатын достарын ерте келгенін көріп, қайран 
қалады.
Режиссер Вальтер Саллес осы балалардың 
арасынан әлгі баладан да зерек, осы киноның бас 
кейіпкеріне бап келетін балалардың бар екенін 
байқайды. Бірақ ол соңында әлгі баланы алып қалып, 
сынап көрмек болады. Өйткені, бұл баланың құдды 
өзі түсірмекші болған кинодағы бала сияқты ізгі 
ниетті екенін бірден аңғарады.


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет