26
Көркем әдебиет оқитындар үшін
49. Сөздерді жазып алыңыз, олардың мағынасын есіңізге сақтаңыз.
ауыл, толу (
беске толу, жеті жасқа толу
), жіберу (
оқуға жіберу
), тиіс, оралу (
оқудан, қаладан
оралу
), құшақтау (
баласын құшақтау
), иероглифтер, өшіру (
шамды өшіру
), сағыну (
баласын
сағыну
), жету (
арманына жету
).
Түсініктеме:
иероглифтер – Қытай, Корей, Жапония, Египет жазу жүйесінде қолданылатын
күрделі жазулар. Бір белгі бір сөзді білдіре алады.
І.
Бір ауылда өте кедей әйел тұрыпты. Оның кішкене баласы болыпты. Баласы жеті жасқа толғанда,
қалаға 10 жыл оқуға жіберіпті.
Ана баласын қатты сағынады. Күндіз жұмыс істейді, кешке қарай баласын ойлап, жылап та алатын.
Жылап отырып, өзін өзі жұбататын: «Менің ұлым көп оқып, үлкен ғалым болуы керек. Сонда, оны
елдің бәрі құрметтейтін сыйлайтын болады».
ІІ.
Осылайша бірнеше жыл өтті. Бірде баласы оқудан оралады. Шешесі баласын құшақтағысы,
сүйгісі келді, бірақ ол бұны істемеді. Баласынан сұраған сұрағы:
– Неге уақытынан ерте келдің?
– Мен бәрін оқыдым, 10 жылда не оқу керек болса, бәрін оқыдым, – деп жауап берді баласы.
– Онда он иероглифті қараңғыда жазшы, мен нан пісірейін.
Қараңғыда баласының жазған иероглифтері қисық, қыңыр болып жазылды, ал анасының наны
дәмді де әдемі болды.
ІІІ.
Сол түні баласын тағы да қалаға оқуға қайтарды.
Тағы бес жыл өтеді. Ұлы үйге оралады. Бұл жолы ұлының өзі шамды өшіріп, қараңғыда бірнеше
иероглиф жазады. Оның бәрі түзу, анық, көркем шығады.
Сонда анасының айтқаны:
– Мен сені сондай күттім, сағындым!
ІV.
Жылдар өтті. Ана арманы орындалды. Оның баласы белгілі ғалым болды. Осыған қалай жеттің
деп сұрағандарға баласы:
– Маған анамның махаббаты көмектесті. Өзіңді аямауға үйретті, өз ісіңді жақсы, адал атқаруға
үйретті.
Достарыңызбен бөлісу: