(Корей ертегісі)
27
50. Сөз тіркестерін тыңдаңыз, жазыңыз.
Кедей әйел, кішкентай бала, әдемі емес иероглифтер, дәмді нан, белгілі ғалым, ана махаббаты.
51. Мәтіннің бірінші бөлігін оқыңыз. Ана арманы қандай еді, айтыңыз.
52. Сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің осы бөлігіне тақырып қойыңыз.
1. Неге кішкене баланы қалаға жіберді?
2. Ол онда қанша жыл болуы керек еді?
3. Бала кім болуы керек еді?
53. Мәтіннің екінші бөлігін оқыңыз.
54. Берілген сөз тіркестерін жазыңыз:
үйге қайту, құшақтағысы, сүйгісі келді, бұны істемеді, он иероглиф жазу, нан пісіру, ұлын кері
қайтару.
55. Сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің екінші бөлігіне тақырып табыңыз.
1. Ұлы неге уақытынан ерте оралды?
2. Анасы бастаған істі жарты жолда қалдырмау керектігін қалай түсіндірді? Оған мұны істеу
оңай болды ма?
56. Мәтіннің үшінші бөлігін оқыңыз. Етістіктермен сөз тіркесін жазыңыз.
Оралу (
қайда?
), өшіру (
нені?
), жазу (
нені?
), күту (
кімді?
), сағыну (
кімді?
).
57. Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтіннің үшінші бөлігіне тақырып табыңыз.
1. Неше жылдан кейін кедей әйелдің ұлы үйіне оралды?
2. Осы уақыт ішінде оның қандай жетістігі болды?
58. Мәтіннің төртінші бөлігін оқыңыз. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлем
құрастырыңыз.
Кім?, не істеді?
Баласы – (ғалым болу)
Ана – (бала, өзін, аямау, үйрету)
Ана – (бала, адал жұмыс істеу, үйрету)
59. Сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің төртінші бөлігіне тақырып таңдаңыз.
1. Ананың арманы орындалды ма?
2. Оның баласы кім болды?
3. Осы мақсатқа жетуді балаға кім үйретті?
|