1. Сөздікпен Жұмыс істейміз. Түсіндірмелі сөздіктен оқуды үйренейік. а) «Жұлдыз» дегеннің не екенін білесіз бе? «Жұлдыз» деген сөздің қандай мағыналары бар?
б) Түсіндірме сөздікті оқиық. Сөздік мақаласынан сөздің мағынасын білуге болады. Осы сөзден
жасалған сын есімді білуге болады:
1. жұлдыз – жекеше түрі
жұлдыздар – көпше түрі.
Аспаннан көруге болатын аспан денесі. Шолпан жұлдызы, құс жолы т.б.
2. Өнер, ғылым, спорт қайраткерлері: танымалдылық. Сахна жұлдызы.
3. Геометриялық фигура. Сын есім – жұлдызды сәт, жұлдызды түн, жұлдыз картасы, жұлдыз
ауруы.
Қалай танысуға болады? Сіз біздің елдің жұлдыздарымен таныссыз ба? Сіз жұлдыздармен жеке танысқыңыз келе ме?
Жұлдыздармен қайда, қашан танысуға болады? Білесіз бе?
2. Танымал адаммен танысқанда, мына құрылымдардың қайсысын пайдалануға болады? Танысу жағдаятындағы сөйлеу әдебі
Танысайық, менің атым – ______________________ . Танысуға рұқсат етіңіз: менің атым ______________________ . Сізге таныстыруға рұқсат етіңіз: ______________________ . Сіздер таныс емессіздер ме? Сіздер таныссыздар ма? Біз таныспыз, біз пойызда, / ұшақта / саяхатта танысқанбыз. Мен сіз туралы көп естігенмін. Маған сіз туралы көп әңгімелеген. Сізбен танысқаныма қуаныштымын. 3. Қандай жағдаятта қалай танысу керек? а) Қандай жағдаят ресми, қандайы ресми емес?
б) Мына жағдаятта танысуды қалай бастау керек?
в) Танысудың кез келген жағдаятын таңдаңыз да, көрсетіңіз, сөйлеңіз.
Танысу жағдаяттары Сіз досыңызды қазақ тілі оқытушысымен таныстырыңыз.
Досыңызды / құрбыңызды өзіңіздің ініңізбен, ағаңызбен, анаңызбен, әкеңізбен
таныстырыңыз .
Оқытушы (жаңа оқытушы) жаңа
топпен (жаңа сыныппен, жаңа
оқушымен, жаңа студентпен);
Сіз және белгілі жазушы;
Екі жолаушы ұшақта, пойызда,
саяхат автобусында;
Сіз және белгілі кино әртісі;
Конференцияға қатысушылар;
Сіз және белгілі теле жүргізуші;
Кешкі отырыста жас жігіт қызбен;
Сіз және белгілі спортшы;
Сіз және елдің президенті танысады.