Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова



Pdf көрінісі
бет70/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

Жауабы: 
1. K= A
2. K= C
3. K= B
4. K= D
5. K= C
Қ
олым бос болғанда, анама, үй
шаруасына көмектесемін. Шахмат 
ойнаймын, 
классикалық 
кітаптар 
оқимын. Қазір Ілияс Есенберлиннің 
«Көшпенділерін» 
оқып 
жатырмын. 
Мұның алдында Паул Коэльенің 
шығармаларын түгел ақтарып шықтым. 
Өзімнен-өзім 
уақыт 
ұрлағанды 
ұнатпаймын. Жапон халқында «
Ертең 

кеш, бүгін 

қазір
» деген сөз бар екен. 
Мүмкіндігінше, осы ұстаныммен өмір 
сүруге тырысамын. Себебі менің әрбір 
күнім, сағатым санаулы. Белгіленген 
уақытта мен қыдырып, сабақ оқып, 
спортпен шұғылданып, шахмат ойнап, 
демалып үлгеруге тиіспін.


97
1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
A) спорттық үлгідегі киімдер ұнайды.
B) ашық біріншіліктерде мен үнемі ер адамдармен 
ойнауға тырысамын.
C) маған Г.Каспаровтың көпқырлылығы ұнайды.
D) ер адамдар жақсы ойнайды.
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
A) ер адамдар шахматты қалай ойнайды?
B) көбінесе қарсыластарыңа қандай тәсіл 
қолданасың?
C) шахмат ойынынан өмірлік пәлсапа 
қалыптастыруға бола ма?
D) халықаралық гроссмейстер Дәрмен 
Сәдуақасовпен туыстығың бар ма?
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
A) шахматты екінің бірі тиісті дәрежесінде ойнай 
алмайды.
B) шахматты пән ретінде енгізген дұрыс емес деп 
ойлаймын.
C) Динара Сәдуақасова Юдит Полгар секілді 
болғысы келеді.
D) шахматты ақ пен қараның, жақсы мен 
жаманның тайталасына ұқсатамын.
4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз.
A) спорттық үлгідегі киім, классикалық 
киім,«Сasual» үлгісіндегі киімдер.
B) ерлер арасында, гроссмейстер, шахмат, ер 
адамдардың ойнауы, ойлауы, білімі.
C) гроссмейстер, Юдит Полгар, ерлер арасындағы 
турнирлер.
D) ашық біріншіліктер, ашық ұрыс, тактика мен 
стратегия, сенің қателігің.
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты 
таңдаңыз.
A) спорттық үлгідегі киімдерге қырын 
қарамаймын.
B) классикалық киім кисе де болады.
C) ер адамдардың ойлау жүйесі басқа, білім 
көкжиегі де кең.
D) «Сasual» үлгісіндегі киімдерге басымдық 
беремін.
Жауабы:
1. K= C
2. K= A
3. K= C
4. K= B
5. K= C
С
порттық үлгідегі киімдерге қырын 
қарамаймын. Классикалық киім 
кисе де болады. Негізі, «Сasual» үлгісіндегі 
киімдерге басымдық беремін. 
Ерлер арасында гроссмейстер болғым 
келеді. Мүмкін, түбінде Юдит Полгар 
секілді ерлер арасындағы турнирлерге 
қатысатын шығармын деп ойлаймын.
Ер адамдармен ойнаған қызық. Ашық 
біріншіліктерде мен үнемі ер адамдармен 
ойнауға тырысамын. Өйткені олардың 
ойлау жүйесі басқа. Ер адамдар ашық 
ұрысқа да шыға алады, сенің қателігіңді 
күтіп отырып та ойнай алады. 
Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда 
мықты ойнайды. Мені олардың тактикасы 
мен стратегиясы қызықтырады. Олардың 
білім көкжиегі де кең. Олардан әрдайым 
мүлде ойламаған жүрісті күтуге болады.


98
1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
A) шахматқа кездейсоқ келдім дей алмаймын.
B) шахмат өмірдегі күрес сияқты.
C) ақ пен қара айқасқан мына өмірде деген ән сөзінде де бар.
D) шахматты жақсы мен жаманның күресі деуге келмейтін сияқты.
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
A) қандай гроссмейстерлерді білесіз?
B) шахмат тақтасын өмірге ұқсатуға бола ма?
C) шахматты неге жатқызуға болады, өнер ме, спорт па?
D) шахматтағы бір ғана қате жүрісті, өмірдегі шалыс қадам деп айтуға бола ма? 
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
A) шахмат Индияда пайда болған.
B) өмір жеңістер мен жеңілістерден тұрады.
C) ең ірі жеңіске былтыр Грецияда өткен әлем чемпионатында жеттім.
D) шахматты патшалардың ойыны деп те атайды.
4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз.
A) жалғаса беру, өмір, солай. 
B) жеңу, жеңілу, итжығыс.
C) ақ пен қара, күн мен түн, жақсы мен жаман, күресі.
D) қиян-кескі, ұрыс, бітпейтін дау, бітіспейтін жау.
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты таңдаңыз.
A) ақты ақ, қараны қара деген дұрыс.
B) мен жақсылық атаулының бәрін анамнан үйрендім.
C) менің барлық бастамаларымның басында анам тұрады.
D) ақ пен қараның, күн мен түннің тайталасы.
Жауабы:
1. K= A
2. K= B
3. K= B
4. K= C
5. K= D
Шахмат тақтасын неге ұқсатасың? 
- Ақ пен қараның, күн мен түннің, жақсы мен жаманның тайталасына ұқсатамын. Күрес 
бітпейді. Біреуі жеңеді, екіншісі жеңіледі немесе итжығыс болады. Қашан көрсең, қиян-кескі ұрыс, 
бітпейтін дау, бітіспейтін жау. Жалғаса береді, жалғаса береді. Өмірде де солай. 


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет