Өзіміз тұратын аудан мен үй-жай. 1. а) Қайда тұрасыз? Жеке үйде ме, пәтерде ме? Үлкен үйде ме? Немесе жатақханада ма? Әлде саяжайда ма?
Сіздің үйіңіз өз үйіңіз бе, әлде жалдайсыз ба?
Сіз осы үйде (осы пәтерде) көптен бері тұрасыз ба?
Сіздің елде, әдетте, үйді, пәтерді, бөлмені бере ме немесе жалға бере ме, әлде сатып аласыздар
ма?
Жазда үйіңізде тұрасыз ба, әлде саяжайда тұрасыз ба?
б) Мұнда қандай сөз тіркесі болуы мүмкін? Пәтер
Жеке бөлмеде
Бір бөлмелі үйді
Екі бөлмелі (сатып алу, жалға алу, жалға беру, тұру)
Саяжай
Үй
Жатақханада
2. Осы пәтерде / үйде сіз кіммен тұрасыз? Өз жауабыңыздың нұсқасын табыңыз.
• Жалғыз тұрамын / өзім ғана тұрамын.
• Күйеуіммен, қызыммен бірге тұрамын.
• Атаммен, апаммен бірге тұрамын.
• Немереммен бірге тұрамын.
• Анаммен, ініммен бірге тұрамын.
• Сіңліммен және ата-анаммен бірге тұрамын.
• Досыммен бірге тұрамын.
• Өзімнің немереммен бірге тұрамын.
• Қарындасым және ата-анаммен бірге тұрамын.
3. Сіз жақсы ауданда тұрасыз ба? Сіз басқа жерде тұрғыңыз келе ме?
Мына мәтін сізге жауап беруге көмектеседі.
Қай жерде жақсы тұруға болады, қай жерде онша жақсы емес
Үйін, саяжайын, пәтерін сататын адам сізге қай ауданда тұрған жақсы, үйді қай ауданнан
сатып алған немесе жалға алған жақсы екенін әңгімелейді. Дүкендері, мектептері және бала
бақшалары, емханасы, ауруханасы көп ауданда және ауасы ең таза, жақсы көршілері, қолайлы
транспорты, сулары (өзен, көл) бар, автотұрақтары бар ауданда тұрған жақсы. Элиталы аудан
деген не? Орталықтан алыс емес, экологиясы жақсы аудандарды элиталы аудан дейді.
Тұрғындары көп емес аудан – жақсы аудан, себебі онда көлік азырақ болады, ауасы тазарақ
болады, дүкендерінде адам аз болады, мектепте де, балабақшада да адам аз болады. Парктері,
ағаштары, гүлдері, өзен-көлдері көп болады.
Өкінішке орай, Алматыда, сол сияқты басқа үлкен мегаполистерде осындай жақсы
аудандарды табу қиын.