Базарғали. А. Е ати-202 тобы студенті



бет1/6
Дата28.09.2022
өлшемі329,32 Kb.
#40672
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Базарғали А.Е АТИ-202 БӨЖ-1


Базарғали. А.Е


АТИ-202 тобы студенті


БӨЖ №1


Visual Studio программасының құрылымы.

Оқу құралының алдыңғы бөлімінде деректер, әдістер, сонымен қатар C# тілінде жазылған бағдарламаның өзі де кластарда орналасуы керектігі жөнінде ескертілген.


Кластардың пайда болуы бағдарламалау технологиясын өзгертті. Егер бұрын құрылымдалған бағдарламалаудың негізгі бірлігі функциялар мен процедуралар болса, кластардың пайда болуы деректерді және сонымен қатар әдістерді біріктіретін бағдарламаның функцияналды аяқталған модульдерін құруға мүмкіндік берді. Осындай бағдарламалардың негізгі бірлігі - кластар (объекттер), кластар арқылы бағдарламалау технологиясы объекті-бағытталған технология деп аталады.


Кітаптың осы бөлімінде Windows қосымшаларды (күрделі бағдарламалық жүйелер) жобалау кезінде объекті-бағытталған технологияны қолдануға байланысты сұрақтар қарастырылады. Объекті-бағытталған бағдарламалау (ОББ) технологияларында кластардың қолданылуы олардың екі қызметті орындай алатынын көрсетеді: бағдарлама модулі немесе деректер типі ретінде қолданылуы.


Құрылымның модульдігі – Windows қосымшаларының негізгі қасиеті. Үлкен бағдарламалық жүйені модульдерге бөлмей дайындау кезінде бағдарламалаудың модульдік технологиясы арқылы дайындаған жүйеге қарағанда уақыт едәуір көп жұмсалады. ОББ-да Windows қосымшалар модульдік принципте әзірленеді, олар модульдің негізі болатын кластардан тұрады. Құрылымның модульдігі – күрделі бағдарламалық жүйелерді әзірлеу процессін жылдамдату бойынша негізгі құрал.


Екінші жағынан класс деректер типі болып келеді. Windows қосымшаларды объекті-бағытталған жолмен әзірлеу деректерге сүйеніп жобалау деп аталатын стильге негізделген. «Жүйелерді жобалау нақты бір есепке сәйкес келетін деректердің абстракцияларын табуға негізделеді. Осындай әрбір абстракциялар класс түрінде құрылады, класс -бағдарламалық жүйе құрылымының архитектуралық бірлігі болатын модуль» [5].


Windows қосымшалардың көпшілігінде кластар екі қызметті де орындайды, сондықтан бағдарламалық жүйенің әрбір модулінің өзінің нақты міндеті бар. C# тілінде деректер типі болатын және модуль қызметіндегі кластар қолданылады. Модуль кластарына, мысалы, Console, Math кластары жатады. Модуль ретіндегі кластар объекттерді құрай алмайды, ал нақтырақ айтқанда осындай кластың бір ғана объектісі болады. Осы модульдің өрістері мен әдістері басқа кластардың әдістеріне қолжетімді болады.


Үлкен бағдарламалық жүйелерді дайындағанда әзірлеу ортасы маңызды рөл атқарады. Бағдарламалау орталары ұсынатын бағдарламалау технологиялары күрделі бағдарламалық жүйелерді дайындау уақытын едәуір қысқартады.


Сондықтан ОББ бағдарламалау технологиясымен Visual Studio.NET бағдарламалау ортасында Windows (Windows Forms Application) қосымшаларын құра отырып танысатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет