Базарғали. А. Е ати-202 тобы студенті


C# жобасын құру бойынша негізгі құрылымдық элементтер



бет4/6
Дата28.09.2022
өлшемі329,32 Kb.
#40672
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Базарғали А.Е АТИ-202 БӨЖ-1

C# жобасын құру бойынша негізгі құрылымдық элементтер
C# тілі бағдарламалаудың объекті-бағытталған тіл деп аталады, онда класс негізгі ұғым болып табылады.

Класс дегеніміз  тип – көптеген объекттерді сипаттау үлгісі. Объект дегеніміз  класс типіндегі айнымалы, ол бағдарлама орындалу барысында динамикалық түрде құрылады, компьютер жадысында сақталады және бағдарлама аяқталғаннан кейін компьютер жадысынан өшіріледі.


Жобаны дайындаған кезде әдетте бірнеше класс дайындалады, бірақ жобаның жұмысы барысында бір-бірімен күрделі байланысқан жүздеген объекттер динамикалық түрде пайда болады.


FCL кітапханасының негізгі класы Object класы болып табылады, ол барлық кітапханалық және әзірлеуші дайындайтын кластардың түп тегі болып келеді.


Атаулар кеңістігі – бір тақырыптағы немесе әзірлеуші құрған белгілі бір кластар жиынтығының бірлесуі. Атаулар кеңістігіндегі кластардың атауы бірегей болуы керек. Әр түрлі атаулар кеңістігіндегі кластар атауы бірдей болуы мүмкін. Кластың толық атауы атаулар кеңістігігінің атауынан, нүкте символынан және класс атауынан тұрады.


Атаулар кеңістігі FCL кітапханасының құрылымын жүйелейді. Егер барлық атаулар кеңістігін иерархиялық бұтақтар класы ретінде қарастырсақ, онда System кеңістігі, оның ішіндегі Object класы осы бұтақтың түпкі класы болады.


Жобаны құрастыру кезеңіндегі қосымша және компиляция бірлігі ретінде қарастыруға болады. Жоба компиляциясының нәтижесі құрастыру болады. Әрбір жобада бір немесе бірнеше атаулар кеңістіктері болады. Жобаны дайындайтын алғашқы кезеңінде белгіленген тип бойынша автоматты түрде қосымша қаңқасы құрылады, ол FCL кітапханасының құрамына кіретін кластардан тұрады. Егер "Windows Forms Application" типіндегі жоба құрылса, онда қосымша қаңқасына Form1 класы – кітапханалық Form класының мұрагері кіреді.


Жобаға автоматты түрде құрылған және жоба әзірлеушісі құрған барлық кластары бар файлдар кіреді. Сонымен қатар, жобада бағдарламаның


жұмысы барысында қолданылатын FCL кітапханасындағы атаулар кеңістігіне сілтеме болады. Жобада өзіне қосылатын барлық DLL-ге және басқа жобаларға сілтемелер болады.

«Жобаның жұмыс жасауы үшін оған керекті ресурстар мен орнатулар қосылады. Жобаны құрастыру сипаттамасын сақтайтын файл жобаның бір бөлігі болып келеді.


Таңдалған типіне байлысты жоба орындалатын және орындалмайтын болып бөлінеді. Орындалатын жобаларға, мысалы, Console немесе Windows типіндегі жобалар жатады. Орындалатын жоба қаңқасын құрғанда оған Main атаулы тұрақты әдісі бар класс қосылады. Осындай жобаны компиляциялау нәтижесінде PE-файл (Portable Executable file) – exe-ні анықтайтын, орындалатын файл құрылады. Ескерту, PE-файл компьютерде тек Framework .Net орнатылса ғана орындалады.» [5]


Орындалмайтын жобаларға, мысалы, Dll типіндегі жобалар жатады. Құрастыру (сборка) – жоба компиляциясының нәтижесі. Ол нұсқаның


нөмерімен белгіленген бір немесе бірнеше файлдар коллекциясынан тұрады. Әрбір құрастыру компьютерде біртұтас болады. Бағдарламашы жобамен жұмыс істесе, ал CLR құрастырулармен жұмыс істейді. Құрастыру қауіпсіздік сұрақтарын шешеді, өйткені онда өзіне керекті ресурстардың сипаттамасы мен элементтерді пайдалану құқықтары бар. Әрбір құрастыруда манифест болады, манифест құрастырудан және оның элементтерінің толық сипаттамасынан, қажетті ресурстардан, басқа құрастыруларға сілтемелерден тұрады. CLR-дің осы сипаттамасының арқасында құрастыруды өрбіту, аралық код трансляциясы мен оның орындалуы үшін басқа қосымша ақпарат қажет емес. Манифест құрастыруды идентификациялайды, құрастыруды орындау үшін керекті файлдарды спецификациялайды, құрастыруды құрайтын типтер мен ресурстарды спецификациялайды.


Visual Studio.NET 2008 ортасында дайындалатын әрбір жоба Шешім – Solution деп аталатын белгілі бір қоршамға орналастырылады. Шешімде, әдетте, ортақ тақырып бойыша байланыстырылған бірнеше жоба болуы мүмкін. Мысалы, бір Шешімге үш жобаны орналастыруға болады: әзірленген кластары бар DLL, консольді жоба, Windows-та басқарылатын жоба.


Жаңа жоба құрылу барысында оны бар Шешімге орналастыруға болады немесе ол үшін жаңа Шешім құрылады. [5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет