.Drawing кеңістігі графикалық құрылғылар интерфейсіне (Graphics Device Interface, GDI) қол жеткізу үшін керек, нақтырақ айтсақ, оның толықтырылған GDI+ версиясы үшін. Осы кеңістіктегі кластар қосымша терезесінде сызықтарды, екі өлшемді пішіндерді, кескіндерді, басқа да графикалық объекттерді салу үшін керек.
System.Windows.Forms кеңістігінде формалардың жұмыс тәртібін орындайтын кластар анықталған.
Қосымшаға нақтысында System және System.Windows.Forms екі кеңістігі қажет, ал қалған атаулар кеңістігі қосымшаға қажетінше қосылады.
Қосымша ретке келтірілгеннен (после отладки) кейін барлық файлдарды сақтау керек (менюде File->Save All командасын таңдау керек).
Бағдарламалаудың визуалды ортасы кішігірім қосымша үшін де 10-нан аса файлдар мен бумаларды дайындайды. Жұмыс үстеліндегі бірінші бағдарламаның 1_1_treygolnik бумасында WindowsFormsAplication1 бумасы
бар. Оның ішінде WindowsFormsAplication1 атты бума мен WindowsFormsAplication1.csproj-ды редакциялау үшін шақырылатын жоба файлы бар. Ал WindowsFormsAplication1 бумасында тағы bin, obj, Properties бумалары мен бірнеше файлдар (бағдарлама коды – Program.cs, форма коды – Form1.cs) бар. Осы бумада Form1 формасы бойынша файлдың сырт пішінін сақтайтын ресурстық файл және форма мен онда орналасқан барлық басқару элементтер «қасиеттерінің» мәндерін сақтайтын Form1.Designer.cs файлы орналасады.
Visual Studio .Net ортасымен жұмыс жасау үшін әзірше бізге тек форма кодының файлы Form1.cs қажет және осы файлды ғана өзгертуге болады, басқа файлдардың атауы мен қасиеттерін берілген күйде қалдыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |