Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


д) Мақсат пысықтауышының бағыныңқысы



Pdf көрінісі
бет164/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   230
д) Мақсат пысықтауышының бағыныңқысы
Орақшы шөп шабайын деп, тоғайға барды. Мұнда басыңқы 
сөйлем  –  «орақшы  тоғайға  барды».  Бағыныңқы  сөйлем  – 
«шөп шабайын деп». Орақшы тоғайға не үшін барды? – шөп 
шабайын  деп.  Бұл  бағыныңқы  сөйлем  «не  үшін?»  деген 
сұрауға жауап беріп тұр. Ол «не үшін?» деген сұрау – мақсат 
пысықтауышының сұрауы. Сондықтан «шөп шабайын деп» де-
ген бағыныңқы сөйлем мақсат пысықтауышының бағыныңқысы 
болады. Мақсат пысықтауышының сұрауы жалғыз «не үшін» 
емес,  «неге?»  деген  сұрауы  да  бар.  Сондықтан  бұл  «неге?» 
деген  сұрауға  да  жауап  беруші  бағыныңқы  сөйлем  болса,  о 
да  мақсат  пысықтауышының  бағыныңқысы  болады.  Мысал: 
1. Өлең тыңдағысы келіп, жұрт жиылды. Жұрт неге жиыл-
ды? – өлең тыңдағысы келіп. 2. Бата бермекші болып, ақсақал 
қолын  жайды.  Ақсақал  қолын  неге  жайды?  –  бата  бермекші 
болып. Мұнда ілтипат ететін бір нәрсе мынау: «неге?» деген 
сүрау  себеп  пысықтауышында  да,  мақсат  пысықтауышында 
да  бар.  Солай  болған  соң,  тек  «неге?»  деген  сұрау  бойынша 


260
себеп  пысықтауышының  немесе  мақсат  пысықтауышының 
бағыныңқысы екендігін білуге болмайды. Мұнда мағынасына 
қарау  керек.  Егерде  бағыныңқы  сөйлем  істің  себебін  ай-
тып  тұрса,  себеп  пысықтауышының  бағыныңқысы  болады, 
егерде  істің  мақсатын  айтып  тұрса,  мақсат  пысықтаушының 
бағыныңқысы болады.
Мысал: 1. Көшпекші болып, ауыл үй жықты. 2. Түйе жоқ 
болып, ауыл көше алмады.
1-інші мысалда: Ауыл неге үй жықты? – көшпекші болып. 
Бұл  мақсат  пысықтаушының  бағыныңқысы  бо лады,  үйткені 
үйді көшу мақсатпен жықты.
2-інші мысалда: Ауыл неге көше алмады? – түйе жоқ болып. 
Бұл себеп пысықтаушының бағынқысы болады, үйткені көше 
алмаудың себебі – түйе жоқ болғаны яғни неге көше алмады? – 
түйе жоқ болғаны себепті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет