Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет203/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   230
Басқарма.  Жазушының  дыбыс  әдісі  мен  тұтас  сөз  әдісін 
сынаған ойларына, көзқарасына басқарма қосылмайды. Ол ой-
ларын бір жақты жаңылысы бар деп біледі. Мұндай мәселе әлі 
қазақ  оқытушыларына  соны  болғандықтан,  бұл  мақала  пікір 
алысу  ретінде  басылып  отыр.  Әдіс  жұмысымен  таныс  адам-
дар, педагогтар бұл туралы пікірін жазуын өтінеміз. Басқарма 
соңғы нөмірлердің бірінде өз ойын да жазбақшы.
«Жаңа мектеп», 1928., № 4, 3-11-б.


334
ЖАЛҚЫЛАУ (АЙЫРЫҢҚЫ) ӘДІС
Жалқылау  әдіс  –  жалпылау  әдіске  қарсы  жөндегі  әдіс. 
Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асы-
лы  іріден ұсақтату.
Жалқылау  әдістің  жалпылау  әдістен  артықтығын 
қуаттайтын  пікір  ХVІІІ  ғасырдың  аяғында  туады.  Бастап 
туған  жері  –  Франция.  Бастап  қуаттаушылар  бұл  әдістің 
артықтығын  былайша  дәлелдеген:  Бір  нәрсемен  баланы 
таныстырғанда,  оның  бөлімдерінен  бастап  таныстырмаймыз, 
тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз. Мәселен: Шапанмен 
таныстырғанда жеңінен, жағасынан, етегінен, өңірінен бастап 
таныстырмаймыз,  шапанның  өзін  алып  көрсетіп  таныстыра-
мыз.  Оқу  үйреткенде  де  сөздің  әріптен,  буынынан  бастамай, 
сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді.
Бұларша  оқу  үйрету  үшін  әліп-би  кітабы  болсын,  басқа 
кітаптар болсын – бірі де керек емес. Түсінікті сөздерді алып, 
балаларға  көрсетумен  балалар  сөздерді  танып,  оқып  кетеді. 
Мағынасыз әріптерді, ежіктерді жаттаудан мағыналы сөздерді 
жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді де болады дейді.
Францияда мұндай пікір туып тарай бастағанда, немістерде 
де осы пікірге келушілер болды.
Неміс әлімі Гедике
47
 деген жалқылау әдісін қуаттаушының 
бірі  болып  пікір  тартады.  Ол  қуаттағанда  былай  дәлелдейді: 
Дүние  танып,  білім  білуіміздің  бәрі  жалқылау  әдіс  жолы-
мен  болады.  Дерексіз  заттан  деректі  затты  бұрын  танимыз, 
мүшелерінен  тұтас  тұлғасын  бұрын  танимыз.  Балаға  оқу 
үйретуде сол жолмен болу тиіс, оқу үйрету балаларға түсініксіз 
әріп  сияқты  дерегі  кем  нәрседен  басталмай,  түсінікті  тұтас 
сөзден басталу ке рек дейді.
1791 жылы Гедике тұтас сөзбен үйрететін әліп-би кітабын 
шығарады. Бес жасар қызын сонымен үйретіп, үш айда сауа-
тын ашып, кітап оқитын етеді. Үш айда сауат ашып, кез келген 
сөзді оқи білерлік ету – о заманда болмайтын оқиға.
Бір әріпті үйрету үшін бір Гедике неше сөз алады.
47
 
1775-1803 ж. шамаларында болған адам.


335
Мәселен,  «а»-ны  үйрету  үшін  бізше  болғанда  мынадай 
сөздерді алған: Ар, азық, арғын, ас, ақыл.
Кітаптың  бірінші  бетіндегі  бірінші  жолдағы  сөздер  осы-
лар  болмақ.  Басқа  жолдарындағы  сөздер  басқа  болмақ,  бірақ 
олардың ішіндегі «а» әрпі болмақ. Бұлардың «а»-сы басында 
келмейді, ортасында, аяғында келеді. Басында «а» келетін атау 
сөздер өз алдарына бір жол болып, екі-үш жолдан кейін қайта-
қайта келіп отырады. Елеулі болу үшін «а» әрпі бірде қызыл, 
бірде  қара  бояумен  басылған.  Үйрету  тұтас  сөзді  оқудан  ба-
сталады. Мұғалім 1-ші жолдағы сөздерді бір-бірлеп көрсетеді, 
оқиды;  Балалар  көрсеткеніне  қарап  мұғалім  айтқанын  олар 
да  айтады,  солай  етумен  балалар  әлгі  алған  бір  жолдағы  бес 
сөзді әбден танып көрсеткенде айтарлық, айтқанда көрсетерлік 
даражаға  жеткенде,  сөздің  буынын  айыруға  түседі.  Онан  әрі 
буынның әріптерін айыруға түседі.
Оны былай істегені мұғалім бірінші сөзді алып, «а-р» деп 
екеуін қоспай, жіктерін ашып айтады да, неше бөлініп, айты-
лып тұр деп сұрайды, сонан соң әр бөлімін бөлек айтқызады. 
2-інші, 3-інші, 4-інші, 5-інші сөздерді де солай етеді. Бәрінің 
де  басындағы  дыбысы  бірдей  болып,  басқаларынікі  ондай 
болмаған соң, «а» дыбысы айрықша болып шығады. Сонда бұл 
дыбыстың әрпі мынау деп, «а» әрпін көрсетеді. Басқа сөздерге 
де  басқа  әріптермен  таныстырғанда  істейтін  тәсілі  осылай 
болған. Балалар бір беттегі сөздерді танып, оқырлық даражаға 
жеткенде, 2-інші беттегі сөздерге түскен.
Мұның  тәсілі  жеке  балаларды  оқытуға  жараса  да,  мек-
тепте  көп  баланы  оқытуға  жарамсыз  болып  шыққан.  Негізгі 
кемшілігі  сөзді  жаттату,  сөз  әріптен,  буыннан  мағыналы, 
балаларға түсінікті болғанмен, не үшін былай «ат» етіп сызған 
нәрсе  ат  болып  оқылуға  тиістігі,  онысы  балаларға  түсініксіз, 
сондықтан бұл әдіс те іске асып жарымайды, бірақ жалқылау 
әдіс пікірі өшпейді.
Жалпылау  әдіске  жан  беріп,  күшейткен  атақты  француз 
оқытушысы Жакото
48
.
48
 
1770–1840 жылдарда болған адам.


336
Жакото үйрету – асылында үйренуге дағдыландыру дейді. 
Баланың  үйрену  талабын  қоздырса,  білімнің  бәрін  басқаның 
көмегінсіз өзі-ақ алады. Балаға талаптылық тәрбие беру үшін 
басынан  табиғат  жолымен  үйрету  керек.  Табиғат  жаратқан 
нәрсесін  тұтас  түрінде  жаратады.  Табиғат  нәрсесін  адам  да 
әуелі тұтас түрінде түйеді. Бала оқытушы осыны дәйім есінде 
сақтау ке рек. Балаға ән үйретпек болсақ, әуелі дауыстың түрін 
(нотасын), дауыстың даражасын (тонын), сонан соң барып әнді 
үйретер ме едік. Әуелі әннен бастап үйретер ме едік дейді. Ба-
ланы  өсімдікпен  таныстырсақ,  гүлінен,  жапырағынан  бастап 
таныстырамыз  ба?  Айуанмен  таныстырсақ,  сүйегінен  бастап 
таныстырамыз ба? Тұлға түрінде алып таныстырамыз ғой. Бала 
үйреткенде сол жолмен үйрету керек. Нәрсенің бөлшегінен ба-
стап үйретпей, тұтас тұлғасынан бастап үйрету – дерексіз зат-
тан бұрын деректі қатты алып таныстыру дейді.
Мұның да дәлелі алдыңғылардікіндей, бұ да әліп-би кітабы 
керек емес дейді. Бала үйретуге айрықша кітаптың керегі жоқ, 
кез келген кітап жарайды. Кез келген кітаптың бір бетін алып, 
ішіндегі  сөйлемдерді  оқытып,  оларды  сөзге  бөліп  оқытып, 
сөздерді буынға бөліп оқытып, буындарды әріпке бөліп таны-
стырса,  сонымен  бала  оқуды  үйреніп  алады,  үйткені  әліп-би 
әрпінің бәрі кітаптың бір бетінен табылады дейді.
Жакотоның  әдісін  өзгертіңкіреп  осы  күнде  де  қолданып 
отырғандар бар. Американ әдісі деп айтылып жүрген әдістің 
негізі Жакотонікі.
Жакотоша үйрету реті былай болмақ:
Қітаптың  алған  бетіндегі  әуелі  келетін,  мәселен,  мынадай 
сөйлем екен – «Қалаға жақын жердің бәрі жиын».
Осы сөйлемді мұғалім кеспе әріптен жасап, тақтай бетіне 
тізіп қойып, дауыстап әр сөзін қолымен көрсетіп оқиды. Сонан 
соң оны балалар оқығанда, бәрі дауыс қосып көптеп те, жеке 
де оқиды жана да қалыпты ретпен окымай, сөзді есе қосып бы-
лайша оқиды:
Қалаға
Қалаға жақын 
Қалаға жақын жердің 
Қалаға жақын жердің бәрі


337
Қалаға жақын жердің бәрі жиын.
Осылай оқу балалар сөйлемнің ішіндегі кез келген сөзді та-
нып айтатын болғанша істеледі.
Сонан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе әріптен 
буынға бөлген түрде бөлек шығарып қояды да буын-буынына 
белгілеп  оқиды.  Балаларға  да  солайша  оқытып,  сөз  неше 
бөлініп  айтылатынын  айтады.  Сөздің  бәрін  солай  оқытып, 
солай айттырып болғаннан кейін, пәлен буынды, түген буын-
ды көрсет дейді. Пәлен буын қай сөзде, түген буын қай сөзде 
деп сұрайды. Пәлен буыны бар, түген буыны бар сөзді көрсет 
дейді. Пәлен сөздің бас буыны, аяқ буыны қайсы деген сияқты 
сұраулар болады.
Сүйтіп,  бір  сөйлемнің  өзінде  балалар  буынның  бірнеше 
түрлерімен танысып қалады.
Әріппен таныстыру үшін де істейтін тәсілі осы. Бір буынды 
алып, мәселен, «ла»-ны алып, екі арасын ашып қойып, арасын 
бөліп оқиды, балаларға оқытады. Неше бөлініп айтылатынын 
сұрайды. Басындағы, аяғындағы әріп әрқайсысы не деп атала-
тынын  айтады,  оқығанда  қалай  айтылатынын  айтады.  Сонан 
соң  білген  әріптерін  басқа  сөздерден  тапқызады.  Сонан  әрпі 
екінші, үшінші, тағысын тағы буындарды алып, істейтін ісінің 
реті бәрі осылайша болады.
Бір сөйлемді солайша үйреніп болғаннан кейін басқаларын 
алып, бұлайша үйретеді. Жалғыз қойылатын шарт – 1) Балалар 
үйренген нәрсесін нық білу, ол үшін оқу сабағын дәйім басы-
на бірінші сөйлемнен бас тап отыру. 2) Жаңа сөйлемді оқытуға 
алғанда  ішінде  келетін  бұрынғы  таныс  буындармен  таныс 
әріптерді балалардың өздері көрсетуі керек.
Сүйтіп,  он  шақты  сөйлемді  оқи  білген  кезде,  бала лар  бір 
жағынан  әріптерді,  бір  жағынан  буын  түрлерін  танып  алып, 
бір жағынан оқуға жаттығып, әрмен қарай өз беттерінен оқуға 
жараған.
Жакото оқытуға ұста, әдісінде шеберлік толық болғанмен, 
Гедикенің  әдісіндегі  кемшіліктен  бұ  да  құтыла  алмаған.  Ол 
кемшілік  –  оқыған  сөздерін  балалар  неге  солай  оқылатынын 
білместен  жаттау.  Ол  кемшілігіне  қарамай  Жакотоның 
әдісі  тәуір-ақ  жайылған.  Немістер  Жакото  әдісінің  мәнісіне 


338
түсінгеннен  кейін,  Жакотоның  әріпті  әдісін  дыбысты  әдіске 
аудару  шарасын  қарастырады.  Сүйтіп,  бір  заманда  дыбы-
сты  жалқылау  әдіспен  дыбысты  жалпылау  әдіс  –  екеуі  қатар 
өркендеп күшейген кезі болған. Онан әрі барып екеуі қосылып, 
бір әдіс түріне түскен, онысы – жалқылау-жалпылау әдіс. Ол 
келесі жолы сөз болмақ
49
.
«Жаңа мектеп», 1927. № 11-12, 45-49-б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет