343
сөзді алып, дыбыстарын айыртады. Сонан соң пәлен дыбыстың
таңбасы мынау деп әрібін көрсетеді. Дыбыс таңбасы әріп
деп аталатынын да айтады. Сонан кейін жаздырады. Басқа
әріптердің арасынан іздеп таптырады.
Сонан кейін танытқан әріптерінен құрастырып, сөз
қылып оқытады. Дыбыстарды айырту, құрастырып сөз қылу
дұрысталып істеліп, балалар әбден әдісін алған болса, сол
дыбыстардың әріптерін құрастырып, сөз қылып оқуға балалар
қиналмайды. Бір-екі сөзді әріптеп құрап оқығаннан кейін тез
әдісін алады. Алғашқы кез де сөзді ылғи буындап қостырып
оқытады. Сонан бу ындап оқып әдеттенеді. Буындап оқу
жаттыға бара қалыпты оқу түріне түседі.
Анығында Еуропа жұрттары соңғы кезде қолданып жүрген
америка әдісі деген жалқылаулы-жалпылау әдісінің «тұтас
сөзді» тағы бір түрін айтып, сонымен әдіс жалпы тарихын
аяқтайық.
Бұл – ескі емлелі жұрттың шығарған, ескі емлелі
жұрттардың қолданып отырған әдісі. Ағылшын, фран цуз
жұрттарының емлелері араб емлесі сияқты ескі бо лады, ескі
емлемен жазылған сөздің жазуы мен оқуы бір-біріне сәйкес
болмайды. Мәселен, арабтар «тырқы» деп жазып, «тараққи»
деп оқиды. Ағылшын мен фран цуз емлесі онан да сорақы: біз
олардың емлесінше жазатын болсақ, «жой» деп жазып, «жуа»
деп оқыр едік. Ондай емлесі бар жұртқа дыбыстың құны ша-
малы. Сөзді сүгіретін жаттаумен танып оқиды, әріп тек сүгірет
мүшесінің орнына жүреді.
Бұл күнде бұл әдісті әр жұрт өз тілінің, емлесінің ыңғайына
қарай әртүрлі тұтынып отыр. Нағыз өзінің шықкан жері Аме-
рикада тұтынуы былай:
Жылдың ортасына дейін кітап қолдану жоқ. Бала лар
оқытушының тақтайға жазғанын ғана оқумен барады. Оқу
әріптен, не дыбыстан басталмайды, тұтас тұрған сөздерді
оқудан басталады. Мәселен, бір бала шегіртке ұстап әкелген
екен.
Оқытушы: «Не әкелді?» – деп балалардан сұрайды. Балалар:
«Шегіртке әкелді», – дейді. «Шегіртке әкелді» деген сөйлемді
оқытушы тақтайға жазады.
Өзі оқиды, балаларға оқытады.
344
Сонан соң «шегіртке» деген сөзді кірістіріп, басқа сөйлемдер
алады. Оны жазады, оқиды, оқытады. Сүйте-сүйте «шегіртке»
деген сөздің жазуы қайта-қайта ұшырап, балалардың жатта-
рында қала-қала барып, әбден таныс болып, бірден танитын
болады. Бірден танитын болса, бірден оқитын болғаны. Басқа
сөздердің де оқуын сол іретше үйретеді.
Солай етумен жарты жылдың ішінде 125 шамалы сөзді та-
нып оқитын болады. Екі айдай
сөздің дыбыс жағына жоламай-
ды. Онан әрі ғана, балалар бірсыпыра сөздің оқуын енді біліп
болды ғой дегенде барып, сөздің дыбыстарын айырта бастай-
ды.
Дыбыс айыртуға тұқымдас сөздер алынады. Тұқымдас
сөздердің дыбыстарының көбі бірдей болады. Ды быс айыртуға
түсерде жаңа үйретілген сөздер тұқымдастығына қарай
сұрыпталып, бірінің астына бірі сатыланып жазылады. Солар-
ды көре-көре, оқи-оқи жүріп сөздердің бәрінде де ұшырайтын
ортақ дыбыстардың үнін де, әрпін де айыратын болады.
Американың жазуға үйретуді де оқуға үйрету сияқты әріптен
басталмай, бүтін сөздің жазуынан басталады. Бірақ жеңілдік
үшін бастапқы кезде әрпі аз сөздер алынады.
«Жаңа мектеп», 1928. № 1, 31-37-б.
Достарыңызбен бөлісу: