Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет207/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   230
Оқуға  даярлайтын  істер.  Бұл  –  әуелі,  «сөз»  деген  үғым 
мен «дыбыс» деген не нәрселер екенін білдіру. Екінші, сөздің 
ішіндегі дыбыстарды айырту.
«Сөз» деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір 
нәрсені ататады. Оның атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе ай-
тып,  неше  сөзбен  айтылып  тұрғанын  сұрайды.  Мәселен,  ба-
лалар  «тақтай»  деген  болса,  оқытушы  «тақтай  үлкен»  дейді 
де,  балалардан  неше  сөзбен  айтылып  тұр  деп  сұрайды.  Сол 
жөнмен  бірнеше  рет  сөздер,  сөйлемдер  алынып,  сұралып 
өткеннен кейін «сөздің» немене екенін біліп кетеді.
«Дыбыс» ұғымын таныту үшін істелетін тәсіл екі түрлі бола-
ды. Біреуі былай: Оқытушы бір дыбысты айта ды да, айтқаным 
не дыбыс деп сұрайды. Балалар естіген дыбысын айтады. Тағы 
бір дыбыс алып, тағы солай сұрайды, балалар сұрағанын айтып 
береді. Солай бірнеше рет істегеннен кейін балалар «дыбыс» 
деген нәрсенің не екенін ұғады. Екінші тәсіл былай істеледі: 
Балалардың көзін жұмғызып қойып, оқытушы бір нәрсені сыл-
дырлатады немесе тықылдатады. Бірақ не істесе де балалардан 
«не естідіңдер?» деп сұрайды. Балалар естігенін айтады. Со-
нан оқытушы бір дыбысты айтады. Мұны да не естідіңдер деп 
сұрайды. Балалар естігенін айтады, солай бірнеше ірет істеп, 
бірнеше  ірет  сұрағаннан  кейін  «дыбыс»  деген  немене  екенін 
балалар ұғады.
Дыбыс  айырту  үшін  оқытушы  өзі  не  балаларға  бірдеме 
айтқызады.  Сонан  бір  сөзді  алады  да,  соны  әуелі  буындап, 
бөлектеп  айтады.  Буындап,  бөлектеп  айтқанда  буын  жіктері 
ашылып,  әр  буын  бөлектеніп  естіледі.  Солай  бірнеше  сөзді 
алып айтқаннан кейін балалардың құлағы сөз буынын айыра-
тын болады.


342
Буынды айыра білгеннен кейін дыбыстарын айыруға түседі. 
Ол  айыруға  қолайлы  буын  табылатын  сөздерді  алып,  әуелі 
буынға бөледі де сонан өзінің керек қылған буынын алып, ды-
быстарын бөлектей айтады неме се әнге салған сияқты созып 
айтады. Балалардың тез айырып үйренуіне соңғысы қолайлы. 
Буынды созып айтқанда, оның ішіндегісі нендей дыбыс екені 
біліне  қалады.  Мәселен,  «ара»  деген  сөздің  «ра»  деген  буы-
нын алып, әр дыбыспен созып айтса, әуелі «р», сонан соң «а» 
естілетіндігін құлақ қазір айырады. Мұндағы бір керек нәрсе, 
ол – алғашқы кезде алған буындардың әріптері созылатын болу 
тиіс: ол дыбыс айыру жұмысын көп жеңілдетеді.
Дыбыстарды  айыра  білгеннен  кейін  оларды  қоса  білуге 
кіріседі. Дыбыстарды қосып буын жасап, буыннан сөз жасау 
керек дейтіндер де бар, оның керегі жоқ дейтіндер де бар. Ке-
рек деушілердің пікірі де екі бөлінеді: Біреулері әріп көрсетуден 
бұрын балалар сөзді дыбыстан құрап жасай білу керек дейді, 
екіншілері  –  ды быс  құрастыру  әріптермен  таныстырып,  со-
ларды құрастырып, сөз қылып, қосар жерде істелу керек дейді. 
Әуелі, бұл үш түрлі пікірдің дыбысын құрастыру керек емес 
дейтіндер дұрыс емес. Дыбысты әдіс болмасқа керек десе, онда 
жөн, ал дыбысты әдіс болса, онда дыбыстарды қостыру болма-
са, ол шала болмақ. Екінші, әріптерді құрастырып оқыр кезде 
істелу керек деген пікір де дұрыс емес. Онда кеш болады, ол 
жерде еш пайдасы тимейді. Олай болғанда сөздің дыбыстарын 
айыртып  үйретудің  де  қажеті  жоқ,  оны  жазу  кезінде  істетуге 
болады.
Сөздің дыбыстарын айыра білу – соңыра жазуға керегі бар 
нәрсе,  дыбыстарды  құрастырып  сөз  қыла  білу  –  ол  соңыра 
оқуға керегі бар нәрсе. Дыбысты дыбысқа қосу әріпті әріпке 
қосудан  жеңіл  болады.  Үйрету  жеңілінен  басталу  керек.  Ол 
үйретудің негізгі дабыл жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет