Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


Қазақ сөзіндегі дыбыстар һәм олардын харіфтері



Pdf көрінісі
бет220/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   230
Қазақ сөзіндегі дыбыстар һәм олардын харіфтері
1914  жылғы  басылымда  «...дыбыстар  дауысты,  дауыссыз,  һәм 
жар ты дауысты (орта дыбыс) болады» деп, дауысты дыбыстарға 
«а, о, у, ы, и, е» дыбыстарын жатқызса, дауыссыз дыбыстарды екіге 
бөліп: «қатаң», «ұяң» деп береді де, олардың таңбалануын «харіф» 
деп атайды.
Қатаң  харіфтерге:  б,  п,  т,  д,  ш,  с,  г,  қ,  к,  г-лерді  жатқызса,  ұяң 
харіфтерге: ж, р, з, л, м, н, ң-дарды алған.
Ұяң дыбыстардың өзін ішінен: ымыралы, ымырасыз деп бөлген.
Ымыралы харіфтер: ж, р, з, л.
Ымырасыз харіфтер: м, н, ң деп көрсетеді.
Жарты (немесе орта дыбыс) дауыстылар деп «у мен й»-ді атайды.
Ал,  1925  жылғы  «Тіл-құралда»  жарты  дауысты  дыбыстарды 
дауыс сыз  дыбыстардың  ішінен  бөліп  шығарады.  «Дауысты  дыбы-
стар түрлі қасиеттеріне қарай өзара бірнеше түрге бөлінеді» деп, 
оларды жарты, катаң, ұяң деп атайды да, «харіф»-ті, енді «таңба» деп 
атайды.
Жарты дауысты дыбыстар: р, л, у, и.
Қатаң дыбыстар: б, п, т, с, ш, қ, к.
Ұяң дыбыстар: м,н, н.
Ал, ымыралы дыбыстарға: ж, з.
Ымыралы дыбыстарға: д, г, г-ні жатқызады.
1914  жылгы  оқулықта  «Жазу  қағидалары»  деген  тақырыпша 
берілген.  Мұңда  «а,  о,  у,  у,  ы,  й,  е,  қ,  г»  дыбыстарынын  жазы-
лу  ережелерімен  таныстыра  отырып,  осы  дыбыстардың  қай  жер-
де  қалай  жазылатындығы,  дыбысталғанда  басқа,  жазылғанда  
басқа  болатын  дыбыстардың  жазылу  үлгілерімен  таныстырылып, 
осы қағидаға байланысты арнайы тапсырмалар берілген. Ал, мұндай 
түсіңдірмелі ереже 1925 жылғы оқулықта кездеспейді.
Сөз жазылуының жалпы ережелері
1914 жылғы оқулық бойынша сөз жазылуының ережелерін 5 түрге 
бөліп қарастырса, 1925 жылғы оқулықта оны 8 түрге бөлген.
1914 жылғы оқулықта:
1. «һәр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғауларымен 
бірге,  тұтас  жазылады,  бірақ  үзетін  харіфтер  келген  жерде  үзіледі 
(үзетін харіфтер: а, д, з, р, о, ұ, е).
2.  Қос  сөздердің  арасы  сызықша  (–)-мен  айырылып  жазылады 
(аяқ-табақ, киім-кешек).
3. Қосалқы сөз бөлек жазылады.


362
4. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі 
дүдәмал естілетін дыбыстар естілген қалыпша жазылады.
5. Жалғаулар. Түбір сөзге де туынды сөзге де қосылып жазылады.
1925 жылғы оқулықта:
1.  «Әр  түбір  сөз,  туынды  сөз  жұрнақтарымен,  жалғауларымен 
бірге, тұтас жазылады, бірақ үзілетін қаріптер келген жерде үзіледі 
(үзілетін қаріптер: а, д, з, р, о, ү, е).
2. Жалпылағыш қос сөздердің арасы дәйім сызықшамен (–) айы-
рылып жазылады.
3. Жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен (–) айырылып 
та, айрылмай да жазылады.
4.  Сөз  артынан  жалғанатын  демеулер  алдындағы  сөзбен 
сызықшасыз  бөлек  жазылады,  ондай  демеулер  түбір  сөзбен 
жалғаудың  арасында  айтылатын  болғанда  түбір  сөзге  сызықшамен 
жалғанып жалғаумен бірге жазылады.
5.  Үндестік  заңына  келмейтін  «-гер»,  «-дікі»,  «-паз»  сықылды 
жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады.
6. Қосалқы «-ма», «-ба»-лардан «еді», «екен» деген сөздер бөлек 
жазылады.
7. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады, жұрнақ ішіндегі 
дыбыстар естілу қалыбынша жазылады.
8. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де қосыльгп жазылады.
1914  жылғы  оқулықтың  соңында  «Мұғалімдер  үшін  баянда-
ма»  атты  мақала  берілген.  Мұнда  А.Байтұрсынұлы  жаңадан  сауат 
ашқалы отырған жастарға қазақ тілінің грамматикасын түсіндірудегі 
туындайтын  қиыншылықтарды
51
  көрсете  отырып,  сөйлем  басында, 
ор тасында, аяғында әpүрлі таңбаланатын әріптерді бір-бірінен қалай 
ажырату керектігі, оны қарапайым түрде қалай түсіндіру жолдарын 
баяндайды.
Ал,  1925  жылғы  оқулықта  мұндай  тақырыпша  беріл-меген.  Бұл 
– 1914-1925 жыл аралығында қазақ тілінің грамматикасының толық 
қалыптасып, бір жүйеге түскендігін, оқытушыларға түсіндіру бары-
сында қиындық тумағандығын аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет