Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет219/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   230
Шылау сөздер.
Үстеу.
Түпнұсқадағы:  «...бірақ,  оның  кайда  кеткендігі,  менің  қайда 
келгендігім...»  (34-бет)  деген  сейлемдегі  «келгендігім»  сөзі  «Тіл 
тағылымында»:  «кеткендігім»  (194-бет)  болып  қате  берілген. 
Түпнұсқа бойынша берілді.
Демеу.
Түпнұсқадағы:  «Болмаса  жемнен  қысып  сақтадым  ба?»  де-
ген сөйлемнен кейін келетін «...әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе?» 
(36-бет)  деген  сөйлем  «Тіл  тағылымында»  (194-бет)  кездеспейді. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
1. Тіл-құрал (қазақ тілінін сарфы, бірінші жылдық. Орынбор, 
1914 ж.)
2. Тіл-құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері. 1-ші тіл танытқыш 
кітап,  қазақ-қыргыз  білімпаздарының  І-інші  тобынын  қаулысы 
бойынша өзгертіліп 5-інші басылуы. Қызыл-Орда, 1925 ж.)
1914  жылғы  «Тіл-құрал»  оқулығы  толықтырылып,  1925  жылы 
Қызыл-Орда қаласынан «Тіл-құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері) І-ші 
тіл танытқыш кітап)» деген атаумен қайтадан жарық көргені мәлім. 
Төменде екі басылымдағы салыстырулар беріледі.
Оқулық А.Байтұрсынұлының алғы сөзімен басталады, бірақ ав тор 
бұл алғы сөзде 1914 жылғы басылыммен салыстырғанда өзгертулер, 
толықтырулар енгізген.
А.Байтұрсынұлы  1914  жылғы  оқулықта  көбіне  грам-матикалық 
атауларды  араб  грамматикасында  қалыптасқан  атаулармен  берсе, 
1925 жылғы оқулықта тек қазақша баламаларын қолданған.
Алғы  сөзде  (1914  ж.):  «...халық  өмірі  бір  жылдап,  он  жыл-
дап,  хәттә  жүз  жылдап  та  емес,  мың  жылдап  саналады»  деген 
сөйлемдегі «хәттә»  араб сөзі, «тіпті» деген мағынаға саяды. Ал, 
1925 жылғы басылымда бұл сөз «катта» болып өзгеріс тапқан.


360
Осы  сөйлемнен  кейінгі  (1914  ж.):  «Біздің  жасынан  орысша  я 
ноғайша  оқыған  бауырларымыз  ...»  деген  сөйлемдегі  «я»  шылауы 
1925 жылғы басылымда «нe» деп берілген. «Иа» – араб сөзі, «не, не-
месе» деген мағына береді. Сондай-ақ, 1914 жылғы оқулықтағы: «... 
олардың ішінен қағида я ережеге келетін жерлерін...» деп басталатын 
сөйлемдегі «қағида» сөзі 1925 жылғы басылымда берілмейді. Тек «... 
олардың ішінен ережеге келетін жерлерін...» болып қысқартылған, 
себебі «қағида»  араб грамматикасында «ереже» дегенді білдіреді.
Сондай-ақ,  «Қазақтың  бастауыш  мектебінде  басқа  білім-дермен 
қатар қазақ тілінің наху, сапфы үйретілерге керек» (Орынбор, 1914) 
деп мағлұмдаса, кейінгі басылымда «Қазақтың бастауыш мектебінде 
басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс. сөз. сөйлем жүйелерін 
үйрету керек» (Қызылорда, 1925) деп таза қазақы атаулармен берген.
Яғни наху, сарф – араб сөздері, наху  грамматика, сарф – мор-
фология  деген  мағына  береді.  Ал,  А.Байтұрсынұлы  1925  жылғы 
оқулықта  грамматиканы  –  дыбыс,  сөз,  морфологияны  –  сөйлем 
жүйесі деп, қазақша баламасын ұсынған.
«Тіл-құрал» аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде 
сондай жат көрінер, үйткені бұл қазақта бұрын болмаған жаңа зат. 
Халықта  бұрын  болмаган  нәрсе  жаңа  шыққан  кезінде  жат  көрініп, 
бірте-бірте бойы үйренген соң жатырқау қалатын. Арабша һәм орыс-
ша наху, сарф үйренгендерге жат көрінгенмен түсініксіз болмас. Араб 
һәм орыс наху, сарфларында оқытылатын заттар мұнда да оқылады. 
Айырмасы сол ғана. Онда арабша иа орысша айтылған есімдер мұнда 
қазақша  айтылады.  Олай  болғанда  қылатын  заты  бір,  аты  басқа» 
деген  түсініктеме  1925  жылғы  оқулықта  берілмеген.  Бұл  туралы 
1992 жылға «Тіл тағылымының» алғы сөзінде: «1914-1925 жылдар 
аралығында «Тіл-құралдың» аты да, заты да қазақ жұртшылығына 
жат  көрінбек  түгіл,  етене  жақын,  баршаға  мәлім  дүние  болып 
кеткен-ді» деп түсіндіреді.
1925  жылғы  оқулықта  қазақ  тілінің  грамматикасын  үйретуге 
бір  жүйеге  түсірілгендік  байқалады.  Мысалы:  «Бастауыш  мек-
тепте балаларға тіл таныту үш тарау болып бөлінеді: 1) Дыбыс 
жүйесі мен түрлері. 2) Сөз жүйесі мен түрлері. 3) Сөйлем жүйесі 
мен  түрлері»  деп  арнайы  үш  топқа  боліп  алып,  осы  тараулар  бой-
ынша жеке-жеке дәріс өткізілген. Мұндай нақты жүйе 1914 жылғы 
оқулықта кездеспейді.
Сондай-ақ,  1914  жылғы  оқулықтағы:  «Сөз  мүшелері»,  «Сөйлеу 
һәм сөйлем», «Сөйлем һәм сөз», «Сөз һәм буындар», «Буын һәм ды-
быс»,  «Қазақ  сөзіндегі  дыбыстар  һәм  олардың  харіфтері»,  «Жазу 
қағидалары»  деген  такырып  атаулары  1925  жылғы  басылымда: 
«Тіл мүшелері», «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлем мен сөз», «Сөз мен  


361
буындар», «Буын мен дыбыс», «Қазақ тіліндегі дыбыстар: олардың 
таңбалары»  болып  өзгеріске  түскен.  Сондай-ақ,  1925  жылғы 
оқулықта «Жазу қағидалары» деген тақырыпша кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет