Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет23/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

8-нші ереже.
«ـي» сөздің бас буынында ғана жазылады. Басқа буындарда 
«هـ» жазылады. Мәселен: ерке, кереге, терезе,келеке
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, (*) қойылған жерлерге 
тиісіне қарай ـي ،هـ ،ه харіфтерін қойыңдар.


39
Өсекке
9
  кірмесе,  есепке  кірмес.  Сүтпен  кірген  мінез  сүй- 
екпен  бірге  кетер.  Ер  басына  күн  түссе,  етігімен  су  кешер. 
Берсең – аларсың, ексең – орарсың. Еңкейгенге еңкей басың 
жерге  жеткенше.  Біреу  тойып  секіреді,  біреу  тоңып  секіреді. 
Бақ-бақ  еткен  текені  қар  жауғанда  көрерміз,  батырсынған 
жігітті жау келгенде көрерміз. Көп жүрген білмес, көп көрген 
білер. Өнерді үйрен де жирен. Өнерлі өрге жүзер. Білмегенді 
үйрету  –  жерге  соқа  сүйрету.  Келбеті  келгеннен  кеңес  сұра. 
Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жа-
мандар сөзді өзіне келтірер. Я еріншек өлер, я көңілшек өлер. 
Өткен іске өкінбе. Бекерден Тәңірім безер. Төртеу түгел болса 
төбедегіні алады, алтау ала болса ауыздағы кетеді. Ер шекіспей 
бекіспес. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Есітпеген 
елде көп, есек мінген сартта көп. Көк ит жеңбес, көп ит жеңер. 
Көрмес түйені де көрмес. Ел жоқта құрбақа көл менікі дер, ер 
жоқта жамандар ел менікі дер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет