71
БУЫН
МЕН ДЫБЫС
Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәсе лен:
«Не?», «же!», «мә!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір бу-
ыннан бар, мұндағы әр буында екі-екі дыбыстан бар. «Не?»
(бірінші дыбыс «н», екінші ды быс «е»), «Же!» (бірінші дыбыс
«ж» екінші дыбыс «е»), «ат» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс
«т»), «аш» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «ш»).
Қап, бас, жел, күл, мес, бай, жау деген сөздер бір буынды,
бірақ бұлардың әр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс
бар: қ-а-п, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, б-а-й, ж-а-у. Бір дыбысты
буындар да болады. Мәселен, а-ра, а ға, а-су, а-зу, а-сы деген
сөздердің бірінші буындарында бір-бір дыбыстан, екінші бу-
ындарында екі-екі дыбыстан бар. Дыбыс таңбасын
қаріп деп
атаймыз, сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қаріп бар дейміз,
айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс пен қаріп
екеуі екі басқа нәрсе, біріне-бірін қатыстырып, шатыстырмасқа
тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін,
естілмейтін нәрсе.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарында неше
қарыптан бар екенін айырту.
Ақ, тоқа, саз, бет, құн, ай, бай, сай, тау, бау, жау, ата, ара,
жала, шана, азы, аты, асы, жасы, саны, жаны, аран, ажар, ұзау,
бұрау, арзан, шортан, бұршақ, тармақ, салмақ, алмағы, салмағы,
тармағы, шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған.
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөлу, әр буындағы
қаріптің санын буын үстіне сипырмен қою керек.
Жарлы болсаң арлы болма, бар болсаң таспа, жоқ болсаң
саспа. Барымен базар, жоқты қайдан қазар. Пайдасыз болса,
байдан без, панасыз болса, сайдан без. Бар мақтанса табылар,
жоқ мақтанса шабылар. Талтандасаң талтаңда, ақшаң болса
қалтаңда. Күлме досыңа, келер басыңа. Досқа күлкі, дұшпанға
таба болма. Ақшаны жолдан тапсаң да санап ал. Аңдамай
сөйлеген ауырмай өледі. Ақыл жас ұланнан, жүйрікі тай
қүнаннан. Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес.
Көше білмес жамандар көшсе көлікі өлтірер, сөйлей білмес
жамандар сорды өзіне келтірер.