Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет118/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   230
Дағдыландыру.  Мұндағы  көрсетілгеннен  басқа  өлшеулік 
үстеу орнына жүретін сөздер тапқызып жаздырту.
4. МЕЗГІЛДІК ҮСТЕУ
Мезгілдік үстеу дейміз – істің мезгілін көрсететін сөздерді. 
Мезгілдік  үстеу  болатын  зат  есім,  есімдік,  етістік  сөздер. 
Бұлардың  үстеу  екен-емесін  сұраудан  айырамыз.  Мезгілдік 
үстеу  сұраулары  қашан?  қашаннан?  Бұл  сұрауларға  жауап 
болмаған сөз мезгілдік үстеу болмайды.
Атам  заманнан  солай,  күн  сайын  толады  дейміз.  «Атам 
заманнан», «күн сайын» деген сөздер қашаннан? қашан? деп 
сұрағанға  жауап  болады  (қашаннан  солай?  –  атам  заманнан, 


197
қашан толады – күн сайын). Бұлар үстеу орнындағы зат есім 
сөздер.
Мұнан  басқа  туынды  һәм  түпкі  үстеулер  бар.  Мәселен: 
бүгін,  кеше,  ертең,  биыл,  бүрсі  күн  (бұрнағы  күн),  бұрнағы 
жыл,  алдыңғы  күн,  алдыңғы  жыл,  соңыра,  қашаннан,  ілезде 
(бұлар  туынды  үстеу),  бұрын,  мана,  әлі,  тағы,  дәйім,  дереу 
(бұлар түпкі мезгілдік үстеулер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет