Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет119/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   230
Дағдыландыру.  Мұндағы  көрсетілгеннен  басқа  мезгілдік 
үстеу орнына жүретін атауыш сөздер тапқызып, жаздырту.
5. МЕКЕНДІК ҮСТЕУ
Мекендік үстеу дейміз – істің мекенін көрсететін сөздерді.  
Мекендік  үстеу  болатын  зат  есім,  сын  есім,  есімдік,  етістік 
сөздер. Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айыра-
мыз. Мекендік үстеу сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға 
жауап болмаған сөздер мекендік үстеу болмайды. 
Тыста  жатыр,  қалаға  барды,  жайлаудан  қайтты  дейміз. 
«Тыста», «қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда?, қайдан? 
деп  сұрағанға  жауап  болады  (жатыр  қайда?  –  тыста,  барды 
қайда?  –  қалаға,  қайтты  қайдан?  –  жайлаудан).  Бұлар  үстеу 
орнындағы зат есім сөздер. 
Онда бармады, мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген 
сөздер қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады 
қайда? – онда, келді қайда? – мұнда). Бұлар үстеу орнындағы 
есімдіктер.
Дағдыландыру.  Мұндағы  көрсетілгеннен  басқа  мекендік 
үстеу орнына жүретін атауыш сөздер тапқызып жаздырту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет