Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет120/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   230
ДЕМЕУ
Демеу дейміз – сөздің я сөйлемдердің арасын үйлестіруге 
демеу болатын сөздерді. Қазақ тілінде түбір демеу сөздер, тіпті 
жоқ қасында. Мәселен: Сұрау де меума, ба, ме, бе, даЖай де-
меуғой, ақ, әше, бәсе, әлде, та, тағы, бәлкім. Көбінесе демеу 


198
орнына басқа сөздер жүреді. Басқа сөздер дегенде демеу орны-
на есімдік пен етістік екеуінің біте қайнаған сияқты қосылған 
түрлері  әсіресе  көп  жүреді.  Мысал:  үйткені  (олай  еткені  де-
геннен қысқарған), үйтпесе (олай етпесе), үйткенде (олай ет-
кенде),  үйтпесіне  (олай  етпесіне),  үйткенше  (олай  еткенше), 
сүйтіп  (солай  етіп),  сүйтседе  (солай  етседе),  сүйткенде  (со-
лай еткенде), сүйткен сайын (солай еткен сайын), қайткенде 
(қалай  еткенде),  қайткенде  де  (қалай  еткенде  де),  әйтпесе 
(алай етпесе), немесе (не емес болса), әйтсе де (алай етсе де). 
Бұлардан басқа демеу орнында толық күйінде айтылмаған 
етістік  һәм  басқа  сөздер  де  бар.  Мәселен:  олай  болса,  олай 
болғанда, солай болған соң, болмаса, неғұрлым, соғұрлым, неге 
десем уа ғайри сондай сөздер.
Демеу орнына «мен» (бен) жалғаулық та жүреді.
Басқа жұрнақ демеу сөздерінен қазаққа кіріп, сіңіскен: һәм, 
я, яки, егер, уа. Сұрау демеуден басқалары өзге сөзге қосылмай 
жазылады.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  арасындағы  демеу 
сөздерді тапқызу.
Бара  ма,  бармай  ма  –  белгісіз.  Барамыз  ғой,  барған  соң 
көреміз  ғой.  Соның  айтқаны-ақ  болсыншы.  Сен  келмейді 
екенсің,  әше  мен  барайын.  Бәсе,  солай  болса  керек.  Әлде 
сен  оқымадың  ба?  Мен  бара  алмасам,  бәлкім  өзің  келерсің. 
Түріне қарағанда малы жоқтай ғой. Ол кешке келетін шығар, 
үйткені жылқыны да көре қайтатын шығар. Жайлауға көшетін 
болдық, үйтпесе малы тұратын емес. Қонақ келіп шыға алма-
дым, әйтпесе мана келетін едім. Су өткел бермес, үйткенде не 
қылмақпыз?  Ағын  бөгетті  бұза  беретін,  үйтпесіне  амал  табу 
керек. Кеш барсақ, кеш келеді екенбіз, үйткенше ерте барып, 
ерте келейік. Түлкі талай жалтарып, айлалады, сүйтсе де тазы 
қоймады. Ол мені көп алдағаны бар, сүйткен үшін сенбеймін. 
Қайткенде жақсы болар екен? – қайткенде де жақсы болмас. Ол 
өзі барар, үйтпесе сен бар. Жүре тұрсын немесе күте тұрсын. 
Әйтсе де болады екен. Үйтпесіне қоймады.


199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет