Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


TІЛ – ҚҰРАЛ Сөйлем жүйесі мен түрлері



Pdf көрінісі
бет123/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   230
TІЛ – ҚҰРАЛ
Сөйлем жүйесі мен түрлері
ІІІ-нші тіл танытқыш кітап
Түзетіліп, толықтырылып, жаңа емлемен 3-нші 
басылуы
Қазағыстан Қалық Ағарту Комиссариатының 
білім-әдеби кеңесі ұнатқан
Қазағыстан мемлекет баспақанасы 
Қызыл-Орда 1925


204
СӨЙЛЕМ ЖҮЙЕСІ
Сөйлем  дегеніміз  –  сөздердің  басын  құрастырып,    біреу 
айтқан  ой.  Сөйлегенде,  жазғанда  кім  де  болса  ойын  айтады. 
Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, 
біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады. Қыры келетін 
сөздер тұрған күйінде алса да, қиындасады. Қыры келмейтін 
сөздерді  қиындастыру  үшін  қырларын  өзгертіп  қиюын 
келтіреміз.
Қыры  келетін,  келмейтін  сөздерді  мысалмен  көрсетейік: 
«Қыс  қатты,  қар  қалың,  күн  суық»  дегенде  үш  сөйлем  бар. 
Үшеуінің  де  ішіндегі  сөздер  өзгерілместен  алынған  жана 
өзгерілмей-ақ  қырлары  келіп,  қиындасып  тұр.  Енді  басқа 
сөйлемдерді алып қарайық: «Елдің малы далада, біткен жаны 
жалада, көбі жатыр қалада». Мұнда да үш сөйлем. Үшеуінің 
ішіндегі сөздер өзгерілмей алынған бір сөз жоқ – бәрі де өз-
геріліп тұр. Қырларын келтіріп, қиындастыру үшін өзгертпей, 
тұрған-тұрған түпкілікті күйінде алсақ қырлары жанаспайды, 
біріне-бірі қиындаспайды. Қырларын өзгертпей алып қарайық, 
не болып шығар екен: «Ел, мал, дала, біткен, жан, жала, көп, 
жат, қала» – осы сөздерден «елдің малы далада, біткен жаны 
жалада, көбі жатыр қалада» деген ойларды ұғуға болар ма? – 
Әрине, болмайды.
Сондықтан  ауыздан  шыққан  сөздің  бәрі  сөйлем  бола 
бермейді,  айтушының  ойын  тыңдаушы  ұғарлық  даража-
да  түсінікті  болып  айтылған  сөздер  ғана  сөйлем  болады. 
Сондықтан сөйлемнің жаны – сөздердің басы мағыналы болып 
құралуы (қысқа айтқанда, сөйлемнің мағынасы). Олай болма-
са,  құр  сөздердің  басын  құрап  айтқанмен,  сөйлем  болмайды. 
Сөйлем  ішіндегі  сөздердің  басын  түсінікті  етіп  құрастыру, 
сөйлемдерді  түсінікті  етіп  жасау  туралы  сөз  табиғатынан 
шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар – қысқасынан айтқанда, өз 
алдына білерлік толып жатқан білімдер бар.
Ол  білімдер  сөйлем  жүйесі  деп  аталады.  Сөйлем  жүйесі 
екіге бөлінеді: бірі – сөйлем ішіндегі сөздер турасындағы білім. 
Сөйлем ішіндегі сөздер сөйлем мүшелері деп аталады.


205


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет