Қ һәм Һ дыбыстары
Кей орында «қ» дыбысы «ғ» болып өзгереді. Ондай орында
айтылуынша «ғ» харфін жазу тиіс. Ақ-ағы, бақ - бағы, сақ -
сағы.
Істің ағы білмес, жігіттің бағы білер. Иттің сағы жақсы.
Аяқ – аяғынан, таяқ – таяғынан. Келіннің аяғынан, қойшының
таяғынан.
Кей орында «к» дыбысы «г» болып кетеді Ондай орында
естілуінше «г» харфін жазу тиіс. Етік – етігі; Етігі жаман
төрге шықпас. Еңбек – еңбегі, өнбек – өнбегі. Еңбегі молдың
өнбегі де мол.
«Қ» һәм «һ» дыбыстар һеш уақытта жіңішкермейді яғни
жіңішке айтылмайды.
«К» һәм «г» дыбыстар һеш уақытта жуандамайды яғни
жуан айтылмайды, сондықтан бұл дыбыстар тон дыбыстар
деп аталады.
9
Қазіргі жазуға көшірілгенде (*) қойылған жоқ, е әрпі өз орнында жазылды. Ал
түпнұсқада е әрпі келген жерлерде арабша үш түрлі таңбаның қайсысын жазу керектігін
сынау үшін «*» таңбасы қойылған (Құраст.).
40
Сөз тұлғалары
Сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді. 1) Түбір сөз;
2) Туынды сөз; 3) Қос сөз; 4) Қосалқы сөз; 5) Қосымшалар.
1. Түбір сөз дегеніміз – бастапқы мағынасындағы, бастапқы
тұлғасындағы сөз, мәселен: бас, тac, шаш, қол.
2. Туынды сөз дегеніміз – бастапқы тұлғасы да, мағынасы да
өзгерген сөз, мәселен: бастық, тастақ, шашақ, қолтық.
3. Қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын сөздер, мәселен:
аяқ-табақ, киім-кешек, төсек-орын, жүн-жұрқа, бақа-шаян,
құрт-құмырсқа, түйе-мүйе.
4. Қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына мағынасы кем басқа
сөздің маңайында тұрғанда мағына шығатын сөз, мәселен: да,
ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана).
5. Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын буын-
дар; бұларда өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай
бөлек айтылмайды да. Сондықтан бұлар қосымшалар деп
аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің
тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді; екіншілері
жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді.
Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я
тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі жал-
ғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал келтірейік. Алалық, «жылқы»
деген сөзді һәм «-шы», «-ның» қосымшаларды. «Жылқы» де-
ген сөзге «-шы» қосымшаны да, «-ның» қосымшаны да қосып
байқайық: қайсысы жалғау, қайсысы жұрнақ болып шығар
екен. Жылқы-жылқы-шы, жылқы-жылқының, «жылқышы»
дегенде сөздің бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерілді
яғни «жыл- қышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді,
адамның есімін көрсетеді. «Жылқының» дегенде, сөздің
тұлғасы өзгерілді, мағынасы, өзгерген жоқ яғни «жылқының»
деген сөз бәрібір малдың есімін көрсетіп тұр. Бұл айтылғаннан
мәлім енді болды: «-шы» қосымша жұрнақ екендігі, «-ның»
қосымша жалғау екендігі.
Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де, туынды
сөзде де болады. Жұрнақ түбір сөзде жоқ, туынды сөздерде
ғана болады.
|