Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет72/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   230
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерді  айырту,  қайсысы  зат 
есім, қайсысы сын есім?
Жақсы  кісі,  жаман  мал,  биік  тау,  аласа  ағаш,  ұзын  арқан, 
қысқа жіп, терең теңіз, тайыз көл, қатты құрт, жұмсақ нан, қою 
қатық,  сұйық  сүт,  бай  қазақ,  жарлы  мұжық,  жақын  үй,  алыс 
ауыл, өткір пышақ, топас кісі, семіз қой, арық ат, қараңғы қора, 
жарық түн, тұнық су, ылай қақ, кәрі түйе, жас айғыр, қиын күй, 
оңай  өлең,  ауыр  жүк,  жеңіл  сандық,  сау  жылқы,  ауру  сиыр, 
ақылды бала, ақымақ жігіт, ескі етік, жаңа шапан, ұсақ құм, ірі 
тары, таза жұрт, ылас қора, сақ ит, салақ қатын, сұм бала, аңқау 
қойшы, жуан қарағай, жіңішке тал, жылы жаз, суық қыс, тар 
шалбар, кең жаға, бұдыр жер, тегіс дала.
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  көшіріп,  сын  есім  сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.
Аш  бала  тоқ  баладай  ойнамайды.  Қатты  жерге  қақ  тұрар, 
қайратты ерге мал тұрар. Жаман сайға су түссе, өткел бермес 
кешуге. Бай кісі балпаң келер, жарлы кісі қалтаң келер. Жақсы 
кеңес жарты ырыс. Ұзын көсеу қол күйдірмес. Тура биде туған 


89
жоқ. Ауру күлкі сүймес, жүйрік итті түлкі сүймес. Қысқа жіп 
күрмеуге  келмес.  Құтты  қонақ  келсе,  қой  егіз  табар.  Өткір 
пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас. Арық малды асырасаң 
аузы-мұрның май етер.
Қараңғы  үйде  қабан  күркірейді.  Кәрі  түйе  ойнақтаса  жұт 
болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк. Жыртық үйге тамшы 
ойнар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Құрғақ қасық ауыз жыртар. 
Қуыс үйден құр шықпа, дайын асқа жасауыл болма, көп асқа 
бөкеуіл  болма.  Жақсы  жолдың  алысы  жаман.  Тез  қасында 
қисық ағаш жатпас.
ІІІ. САН ЕСІМ
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір, екі, үш, 
төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, он 
төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиырма, отыз, 
қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір жүз, екі жүз, 
үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз 
жүз, мың, он мың, жүз мың, миллион.
Нәрсенің  санын  сұрағанда  неше?  немесе  қанша?  деп 
сұраймыз.
Нәрсенің дәл санын білуге сұрағанда неше? деп сұраймыз. 
Мәселен: «Неше кісі келеді?» – «үш кісі келеді». Нәрсенің дәл 
санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша? деп 
сұраймыз.  Мәселен:  «Қанша  күн  жүресің?»  –  «үш-төрт  күн 
жүремін».
Тойда неше (неше) кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі 
болды? деп сұрайды. Мәселен: «Екі жүз кісі болды» демейді, 
«екі жүздей кісі болды» дейді.
Жоғарғы келтірген мысалда: «Неше кісі?» дегенге «үш кісі» 
деген  сөз  жауап;  «қанша  кісі?»  дегенге  «екі  жүздей  кісі»  де-
ген жауап. Басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша?» 
дегенге  «екі  жүздей»  деген  сөздер  жауап  болып  тұр.  Міне, 
осы  сияқты  неше?  қанша?  деп  сұрауға  жауап  болатын  жаңа 
нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет