Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


ІV. ЕСІМДІК Кейбір  сөздерді  зат  есімнің,  сын  есімнің,  сан  есімнің  ор- нына  жүргендіктен  есімдік



Pdf көрінісі
бет74/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   230
ІV. ЕСІМДІК
Кейбір  сөздерді  зат  есімнің,  сын  есімнің,  сан  есімнің  ор-
нына  жүргендіктен  есімдік  дейміз,  мәселен:  «Нұрман  отыр» 
дегеннің орнына «ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің 
орнына  «мен»  деймін;  «шәкірт»  дегеннің  орнына  «сен» 
деймін.  Мұндай  сөздер  көбіне  өзге  есімдер  орнына  жүретін 
болғандықтан есімдік деп аталады.
Мәселен, есімдік сөздер: мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не, 
қайсы, қандай, өзім, өзің, өзі, бұл, ол, мынау, анау, бірі, бәрі, 
менікі, сенікі, онікі, өзімдікі, өзінікі, өзіңдікі, басқанікі.
Сынау.  Төмендегі  сөздердің  ішіндегі  есімдік  сөздерді  ай-
ырту.
Әрі жат, бері жат демек – төсек тарлығы; сенікі, менікі демек 
– көңіл тарлығы. Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар, өзгенікі 
дегенде, анау-мынау ісім бар. Құлан өз қағынан жерімес. Сиыр 
өз  тілінен  қыршаңқы  болады.  Не  ексең,  соны  орарсың.  Кім 
мықты,  кім  нашары  мәлім  болар,  түскенде  той-томаға  белін 
буып. Үйдің жылы-суығы қыс келгенде білінер, кімнің алыс- 
жуығы  іс  келгенде  білінер.  Аттың  бәрі  тұлпар  емес,  құстың 
бәрі сұңқар емес. Сіз деген әдеп, біз деген көмек. Бүгін айдың 
нешесі?  Қара  қайсы?  Хан  қайсы?  Елді  ойлаған  жан  қайсы? 
Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Оны тастап 
мұны  алдың,  бұдан  тағы  құр  қалдың,  өзі  қандай  болса,  сөзі 
сондай. Сен сұңқарсың, мен қумын. Саған дұшпан, маған жау. 
Жылқыда тұлпар сен едің, жігітте сұңқар мен едім. Сен астым-
да сау тұрсаң, қыдыра жалды қыл құйрық сенен озбас деп едім. 
Бұл сөздің бәрі де ырас, емес жалған.


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет