Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


V. ЕТІСТІК Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін



Pdf көрінісі
бет75/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   230
V. ЕТІСТІК
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін атайды. Мәселен: арт, тарт, 
ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сөк, сүз, таста, шық, 
жық, ас, ал, төз, күз, қақ, қада, кір, төк, өксі, таңда, сеске, ұлы, 
өлше, кет, біл, сыз, бер, бас, ұста, ұр, ти, ой, күт, тіле, түр, ор, 
сақ, жақ, жек, бар, жаз, кет, қара, тара, жала, құй, тап, қой, той, 
сой, жой, жу, бу, қу, жый, тый, қый, ій, ки, мұндай сөздер етістік 
сөздер деп аталады.
Етістік  сөздердің  сұрауы  не  етпек?,  не  істемек?,  не 
қылмақ?, не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы не ет пек?
Мысал: Қар жауады, кетеді. «Қар не етеді?» – «жа уады?», 
«қар не етеді?» – «кетеді». Қой маңырайды, түйе боздайды. «Қой 
не істейді» – «маңырайды», «түйе не істейді?» – «боздайды». 
Күн күркірейді. «Күн не қылады?» – «күркірейді». От сөнді, 
ел жатты. «От не қылды?» – «сөнді». «Ел не қылды?» – «жат-
ты». Жас өсер, жарлы байыр. «Жас не қылар?» – «өсер». «Жар-
лы не қылар?» – «байыр». «Жауады», «кетеді», «маңырайды», 
«боздайды», «күркірейді», «жатты», «сөнді», «өсер», «байыр» 
деген  сөздер  не  етеді?  не  істейді?  не  қылады?  деп  сұрағанға 
жаңа өздері істеген істерді атайтын сөздер. Сондай не етпек? 
не істемек? не қылмақ? деген сұрауларға жауап болатын сөздер 
бәрі де етістік болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі сөздерді 
айырту. Қайсысы зат есім, қайсысы етістік? 
Кісі  сөйлейді,  түйе  боздайды,  ит  үреді,  қой  маңырайды, 
қозы  жамырайды,  бала  ойнайды,  мен  жүремін,  сен  жүресің, 
ол  жүреді,  бұл  оқып  отыр.  Бірман  күліп  тұр,  Нұрлан  жылап 
тұр, жел соғып тұр, бу бұрқырап тұр. Көкті бұлт торлады, күн 
шықты, тұман серпілді, жұрт оянды, төсектен тұрды, мал өрді, 
өріске  кетті.  Нұрман  киінді,  жуынды,  шай  ішті,  кітаптарын 
алды, Жаз болды, қар еріді, сулар ақты, өзендер тасыды.
 Ел қыстаудан шықты. Жер көгерді, мал тойынды. Малшы 
мал бағады. Жыршы өлең айтады. Домбырашы күй тартады. 
Хатшы қағаз жазады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің астын 
сызып көрсетіңдер.


93
Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды. 
Күн  жазға  айналды.  Сай  сайға  құяды.  Оңқа  ойынбұзар,  тен-
тек жиын бұзар. Көп азға зорлығын айтады, аз көптен көрген 
қорлығын айтады. Жыртық тесікке күледі. Тез қасында қисық 
ағаш жатпайды. Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады. Ұялмаған 
өлеңші болар, ерінбеген етікші болар. Бақ-бақ еткен текені қыс 
түскенде көрерміз, батырсынған жігітті ісі түскенде көрерміз. 
Жер  таусыз  болмайды,  ел  даусыз  болмайды.  Үйді  қозғаған 
көшірер, отты қозғаған өшірер. Құр қасық ауыз жыртар. Сиыр 
судан жериді, су сиырдан жериді. Есек түйе болмайды, сиыр 
бие  болмайды.  Жақсы  айғырдың  үйірін  ат  жақтайды.  Аталы 
сөзді арсыз қайырар. Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді. 
Бірлік  болмай  тірлік  болмас.  Жауға  жаныңды  бер,  сырыңды 
берме.  Қылыш  жарасы  бітер,  тіл  жарасы  бітпес.  Ел  ұрыссыз 
болмас, тау бөрісіз болмас, ордалы құлан ақсағын білдірмес. 
Жалт-жұт  етеді,  жалмап  жұтады.  Қара  сиырым  қарап  тұр, 
қызыл сиырым жалап тұр.


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет