25
тіл мәдениетіне қарата айтылған кейбір ұсыныстар жеке
адамдардың «меніңше, былайшасы – дұрыс, былайшасы –
бұрыс» деген сияқты ғылыми дәлелсіз, тек жеке бастарының
танымына (дәлірек айтсақ, талғамына) қарай айтылған пікір-
лер түрінде көрініп келеді, яғни бұл жерде дилетанттық сипат
та жоқ емес. Дилетанттық тұжырымдар әсіресе тіл маманы
емес, жазушы, журналистердің аузынан (қаламынан) жиірек
шығады. Дилетант деп өзінің мамандығынан,
білім-танымы-
нан аулақ тұрған саланың мәселелерімен әуестенушіні атай-
мыз. Дилетант мәселеге арнайы дайындықсыз келіп, үстіртін
пікір айтады. «өлеңге әркімнің де бар таласы» дегендей, тілге
келгенде де, әркімнің өз танымы, өз байламы, өз бағасы бола-
ды. Мәселенің ғылыми негізін қаузап, арнайы зерттелмеген-
діктен, дилетанттардың пікірлері субъективтік болып шығады.
Тіл мәселесіне, оның мәдениетіне,
жұмсалу нормаларының
түзу-терістігіне қатысты дилетантизм мен субъектизмнің пай-
дасы мен зиянын айыру қиынырақ соғады, кейде пайдасынан
зияны көбірек болуы да мүмкін.
Сөйтіп, «тіл мәдениеті» деп нені танимыз?
Мәдениет
деген
сөздің семантикасында «дұрыстық», «түзулік», «тәртіптілік»,
«жүйелілік», «реттілік», «қисындылық», «сәйкестік» деген
сияқты мағыналық реңктер (семалар) жататыны белгілі. Бірақ
әңгіме ненің дұрыстығы, немен сәйкестігі, қандай реттілік,
қандай тәртіптілік, ненің қисыны
деген сияқты сұрақтарға
жауап іздегенде, «тіл мәдениеті» деген құбылыстың заттық,
ұғымдық мәні күрделі екендігі байқалады.
Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тіке-
лей қатысты. Жалпы тіл білімінде (шетелдік те, орыстық та,
қазақтық та) біршама қалыптасқан тұжырымдарға иек артсақ,
тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби
тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір
зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің көріктеу
құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пай-
далануды да сөз мәдениетінің объектісі деп таниды
2
. Бұл пікір-
ді біз де әбден қостаймыз.
2
Крысин Л.П., Скворцов Л.И., Шварцкопф Б.С.
Проблемы культуры русской речи
(обзор) //Известия АН СССР. - ОЛЯ. - 1961. - Т. 20. - Вып.5. - С. 428-429.
26
Сөйтіп, тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен
қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс
қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық),
сауатты жазу (орфографиялық),
тілді әсерлі етіп жұмсау
(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетіл-
діру. Осылардың бәрін қосып, «тіл мәдениеті» деген ғылым-
таным саласын «ортология» деп атаушылық бар, яғни ортоло-
гия – сөздің (тілдің) дұрыстығы туралы ілім. Бұл атауды біз де
қисынды санаймыз.
Тіл мәдениеті атқаратын міндеттерінің бірі – қай қолданыс
бұл күнде норма болып табылады, қайсысы – жоқ деген
мәселелерді түбегейлі зерттеу. өйткені тілдің мәдениетін таны-
татын шарт – тек жоғарыда салалап көрсетілген нормаларды
ұстанып қана қою емес, ол нормалардың өздерінің дұрыстығын,
сындарлығын тап басып тану және дұрыс деп қабылдау.
Тілдік норманың өзі «дұрыс» деп бағалануы үшін ол тілдің
құрылымдық заңдылықтарына сай келуі керек. Мысалы, бұл
күндерде қазақ тілі сөздігі
тәлімгер, айтыскер, жүлдегер,
иегер, саясаткер
сияқты ондаған жаңа тұлғалармен толығуда
және олар нормативтік элементтер ретінде әдеби тілден берік
орын тебуде. Бұл неологизмдер сөзжасам жүйесінде бар
нормаға сай келіп тұр:
-гер
– адамның кәсібін, мамандығын, бір
нәрсеге қабілеттілігін білдіретін жұрнақ:
саудагер, жұмыскер,
қызметкер
т.т.
Тіл мәдениетін статикалық тұрғыдан, яғни қазіргі күй-
қалпын әңгіме еткенде, тілдік норма дегеніміздің бір кезеңде
ғана қалыптасып, әрі қарай өзгермей қатып қалатын құбылыс
емес екендігін де қатты ескеру керек. Норма – тарихи-өзгермелі
құбылыс болғандықтан, тіл дамуының бір кезеңінде норма
ретінде қабылданған (қолданылған) тілдік элемент екінші
кезеңінде нормадан ығыстырылуы мүмкін және керісінше,
өйткені тілдік норманы анықтауда
әлеуметтік талғам негізгі
рөл атқарады, ал әлеуметтік талғамды күнделікті өмір қажет-
тігі, тілді пайдалану практикасы белгілейді. Осы себептен
кейде тілдің құрылымдық заңдылығына сай келмейтін қолда-
ныстардың да норма деп танылып, әдеби тілден орын алуы
мүмкін. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: