и таңбасын жіңішке
дыбыстаймыз. Екі-үш (көп) буынды сөздерде келген (жазылған)
и әрпін жуан не жіңішке дыбыстау оңай, ол сол сөздегі өзге
дауыстылардың ыңғайымен айтылады. Мысалы, бір
тиын (ақша) дегенде,
и -ді сөз ішіндегі
ы -ға қарай жуан айтамыз:
тыйын, ақ тиін дегенде келесі буындағы
і жіңішке дауыстыға
қарай
ій етіп айтамыз:
тійін. Ал бір буынды сөздерде жазылған
и әрпін айтуда қиындық тууы мүмкін. Мысалы,
ми деп жазылған
сөз
мый ма әлде
мій ме? Мұндайда осы сөзге іштей қосымша
жалғап көріп, егер ол жуан жалғанса («
мыйы+ма қонбайды»,
«
мый+ы жоқ» дегендер сияқты)
мый деп айту керек болады.
Сондықтан жазылуына қарап,
и дыбысының жіңішкелігін
еске алып,
мій деп айтуға болмайды. Сол сияқты
бидай деп
жазылған сөздің алғашқы буынын жіңішке
(бій), соңғысын
жуан
(дай) дыбыстау қазақ тілінің дыбыс әуеніне қайшы ке-
леді, бұл сөздегі
би буыны – таза
бый да емес, сондықтан бо-
лар, айтылуда бұл сөз көбінесе
бұйдай түрінде келеді. Әрине,
қазіргі жазуымызда бір әріппен әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар
қосындысын таңбалау ұтымды болмай шықты. Әсіресе сөзді
буындауда, соған қарай дұрыс тасымалдауда қиындық пайда
болып отыр. Қазақ тілінің буындау тәртібі (заңы) бойынша
екінші, үшінші буындар еш уақыт дауысты дыбыстан бастал-
мауы керек, тек дауыссыздан немесе үнді (сонор)
у, й дыбыс-
тарынан басталуы тиіс:
қа-ла-лық (қал-ал-ық емес), та-уық (тау-ық емес), қа-йық (қай-ық емес). Мұны бұдан 80-90 жыл
бұрын Ахмет Байтұрсынов жақсы көрсетіп, айтып берген-ді
31
.
3
А. Байтұрсынов Тіл тағлымы. - Алматы: Ана тілі, 1992.
221
Ал қазіргі емлеміз бойынша,
сиыр, қиыр, тиын, тиін, тиіс де-
ген сөздерді қалай буындаймыз? Дұрыс буындалуы:
сы-йыр, қы-йыр, ты-йын, ті-йін болуы керек. Ол үшін
сыйыр, қыйыр, тыйын, тійін деп жазылуы керек еді.