Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


и аффиксін) қабылдамау емес, я болмаса - р+ман



Pdf көрінісі
бет28/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

и
аффиксін) қабылдамау емес, я болмаса -
р+ман
қосынды жұрнақтың беретін мағынасына шек келті-
ру емес, осы тәсілдермен жаңадан жасалған сөздердің тілдің 
өз заңдылығына дәл келмеуін сезіну. Жоғарды айттық: келер 
шақ есімшеге -
ман
жұрнағын жалғағанда, әлі орындалмаған, 


66
орындалуға тақап қалған іс-әрекет, қимылды білдіретін етістік-
ті жасайды, сондықтан 
оқырман, көрермен
деген сөздерді әлі 
оқымаған, көрмеген, оқуға, көруге тақап қалған іс-қимыл 
етістік деп қабылдаудан шыға алмағандары байқалады. Белгілі 
бір тілдік жаңа норманың көпшілік дұрыс деп танып, жаппай 
қолданып кетулеріне ол норманың (сөздің, тәсілдің, айтылу 
сазының, жазылуының) ережемен беркітіліп, хатқа тіркелуі 
бірден-бір рөл атқарады, әсіресе баспасөз беттерінде, радио 
мен теледидарда жиі жұмсалуы тіпті тіл табиғатына қайшы ке-
летін қолданыстарды да көпшілік қауымның қабылдап кетуіне 
үлкен әсерін тигізеді. Жоғарыда аталған 
оқырман, көрермен, 
тыңдарман 
немесе 
оқулық, әдістемелік, анықтамалық
деген 
жаңа тұлғаларды қазіргі жас буын тіпті жасанды сөздер деп, 
бертінде дүниеге келген туындылар деп сезінбейді.
Көпшіліктің жиі қолданысы арқылы (демек, қабылдауымен) 
кейбір бейнорма құбылыстардың дағдыға айналып кететін 
фактілері бар. Мысалы, сөздер аралығында, көбінесе тіпті 
біріктіріліп жазылған сөздерде 
қ, к
дыбыстарының ұяңдайтын 
тұстарын ескермей, қатаң түрде айту дағдыға айналып бара-
ды: 
шегара, көгөнүс, қыргүйөк, қолғойұлды, күнүгеше, балагез-
де
деп айтылуға тиіс сөздерді жазылуынша 
шекара, көкөніс, 
қыркүйек, күнікеше, балакезде 
деп дыбыстағандарды жиі ес-
тиміз.
Міне, тілдік норма деп тануға қойылатын шарттар (крите-
рийлер), яғни норманың белгілері, межелері туралы бүгінгі 
ғылым анықтаған тұжырым-түйіндер және ол шарттардың 
тәжірибедегі көрінісі туралы ізденістер – осындай.


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет