65
болатындығы, яғни нормалылықтың алдыңғы екі шарты соңғы
үшінші шартқа алып келеді, өйткені адамдарда тілдегі түзулікті,
дұрыстықты сезетін қасиет болады, ол дұрыстықты теория
жүзінде талдап-танымай-ақ, «Неліктен осы қолданыс дұрыс?»
дегеннің дәлелін іздеп жатпай-ақ, адамның интуициясы – «пат-
ша көңілі» сезіп отырады. Дегенмен бірсыпыра заңдылықтарды,
әсіресе лексикалық, оның ішінде терминологиялық, сондай-
ақ орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды кодификация
арқылы тұрақтандырып, көпшіліктің қолдауын қамтамасыз
етуге тура келеді.
«Көпшіліктің қолдауы» дегеннің өзі біршама шартты: нор-
ма ауысу кезеңінде жаңа тұлға-тәсілдерді, сөздерді, тіркес-
терді көпшілік бірден қабылдай қоймайтыны жиі кездеседі.
Көпшіліктің ішінде жеке қаламгерлер, ғалымдар, оқу-ағарту
ісіндегілердің бірқатар топтары жаңа нормаларды (дәлірек
айтсақ, жаңа сөздер мен тәсілдерді) қабылдамайды, жатырқай
қарайды, тіпті сынап жатады. Мысалы, парсының -
и
жұрнағы
арқылы сын есім жасау нормасы тілімізде ХХ ғасырдың 50-
60-жылдарынан бастап жанданды деуге болады. әуелде бұл
араб, парсы тілдерінен енген сөздерге жалғанса
(тарихи, сая-
си, адами, дүнияуи, мәдени),
кейін келе
сыни, қоғами
дегендей
қазақы сөздерге де жалғана бастады. Мұхтар Әуезов, Ғабит
Мүсірепов сияқты ірі жазушылар көпке дейін бұл норманы
қабылдамай өтті. Публицистикалық стильде қолданылуға
бейім бұл тәсіл-норманы екі жазушының екеуі де өздерінің
очерк, мақалаларында мақұл көрмей,
тарихтық, саясаттық,
адамгершілік, адамдық
деген варианттарын қолданды. 50-
60-жылдарда пайда болған
оқырман, көрермен
сөздеріне де
біраз қаламгерлер көпке дейін тосырқай қарады. Әрине, бұл
– жұрнақ арқылы жаңа сөз жасау тәсілін жатсыну емес (ол
– тілдің о бастан «бойына біткен», қалың жұртшылық ешбір
ойланбастан қабылдайтын табиғи нормасы), не жұрнақтың
өзін (шет тілдік -
Достарыңызбен бөлісу: