принциптер
негізінде
түзіледі. Көптеген тілдердің емле зандарына екі-үш, кейде
үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық,
фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б.
Морфологиялық принцип бойынша, сөз бөлшектерінің (мор-
фемалардың) түбір тұлғалары сақталып жазылады, фонема-
тикалық принцип бойынша жазуда дыбыстардың бір сөз
ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсер-
лері ескерілмей, олардың негізгі фонемалық түрі сақталады.
Фонетикалық принцип бойынша, сөз бөлшектерінің дыбыстық
өзгеріске ұшыраюы есепке алынып, олар айтылуынша жа-
зылады, ал тарихи - дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз
бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше
жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі
қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.
192
Қазақ орфографиясының негізгі принциптері морфоло-
гиялық, фонематикалық және фонетикалық, сонымен қатар
тарихи-дәстүрлік принцип те орын алады. Бұл принциптердің
әрқайсысының қолданылатын тұстары жайында қысқаша
мәлімет берсек.
Морфологиялық принцип сөз бөлшектерінің, яғни түбір,
жұрнақ, жалғауларының түбір тұлғаларының сақталып жазы-
луын талап етеді. Мысалы,
жұмыс, іс, аш
деген түбірлерге
-шы, -шең, -са
деген қосымшалар жалғанғанда, олардағы
аралық дыбыстар бір-біріне әсер етіп, сөздер
жұмұшшы,
ішшең, ашша
болып айтылады және солай естіледі, бірақ
сөздердің түбірлері мен жалғанған қосымшалар өз тұлғаларын
сақтап,
жұмысшы, ісшең, ашса
болып жазылады.
Фонематикалық принцип бойынша, жазуда бір сөз ішінде
дыбыстардың (фонемалардың) қосалқы реңкі (варианты)
ескерілмейді, сөз бөлшектеріндегі фонемалардың негізгі реңкі
(инварианты) сақталады. Мысалы,
қашанғы, түнгі, күнге
деп
жазылған сөздер
қашаңғы, түңгү, күңгө
болып айтылады,
естіледі. Қазақ орфографиясында морфологиялық принцип
пен фонематикалық принциптердің тоғысып келетін сәттері
жиі кездеседі. Сондықтан қазақ емле нормаларының негізі –
морфологиялық-фонематикалық деп ұластырылып (қосақтап)
атауға болады. Мысалы, біріккен сөздер мен қос сөздердің,
негізінен, әр құрамды бөлігінің жеке тұлғасы сақталынып жазы-
лады, ол компоненттердің аралығындағы дыбыстардың айты-
луда бір-біріне ететін әсері ескерілмейді. Айталық,
қара+күйе
(құрт),
қара+құйрық
(жануар),
жар+қабақ, орын+басар,
шек+ара, алма+кезек, көзбе+көз, қиян+кескі
деген сөздер
біріккенде не қосарланғанда, айтылуы
қарагүйө, қарақұйрұқ,
жарғабақ, орұмбасар, шегара, алмагезек, көзбөгөз, қыйаңгескі
болып естіледі, бірақ морфологиялық- фонематикалық прин-
циппен әр компоненттің түбір тұлғасы сақталып,
қаракүйе,
қарақұйрық, жарқабақ, орынбасар, шекара, алма-кезек, көзбе-
көз, қиян-кескі
болып жазылады.
Қазақ орфографиясында фонетикалық принцип те кеңінен
қолданылады. Ол принципке а) септік, көптік, тәуелдік,
жіктік жалғауларының, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігінің
сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай және
193
ең соңғы дыбысына қарай түрленіп келетіндігі
(-
Достарыңызбен бөлісу: |