СӨЗ САЗЫНЬІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕРДЕГІ МАҢЫЗЫ Сөз сазы дегеніміз – сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе
сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, бірін-
бірі өз ыңғайына иіп айтылуы болса, ол, бір жағынан, сөйлеу
мүшелерінің жұмысын жеңілдетуге, әр алуан кедергіні кемітуге
ұмтылуын көздейді, екінші жағынан, сөз сазы айтылған сөздің
тыңдаушы құлағына жұмсақ тиіп, сөзге әуенді үн береді.
Тілдің мұндай үйлесімді үндестігін және құлаққа жағымды
әуенділігін өлең тілі шебер пайдаланады. Мысалы, өлең
жолдарындағы сөздердің буындарын жеке-жеке санағанда, сол
өлеңге тиісті өлшемнен артық шығуы мүмкін, бірақ айтылуда
дыбыстар үндестігіне сай, өлеңнің әр жолының (тармағының)
дәл 7-8 немесе 11 буын болып шығатыны еске алынады, я бол-
маса, керісінше, кейбір сөздерге артық буын қосылып айтыла-
тыны ескеріледі. Айталық, Біржан салдың «Жанбота» деген
өлеңі 11 буынды өлшеммен құрылған. Оның:
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің –
деген жолдарындағы сөздерді жеке-жеке алып
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
буындап санасақ:
Жан-бо-та о-сы ма е-ді өл-ген же-рім бо-
лып 12 буын шығады. Ал айтылуда ортадағы сөздер
осымеді болып
ма деген буынның соңғы дауыстысы мен одан кейін
келген
еді сөзінің басқы дауыстысы кірігіп,
ма-е-ді деген үш
буынның орнына
ме-ді болып, екі буын айтылғандықтан, осы
өлеңнің өлшеміне сай 11 буын шығады. Бір ырғақпен айтыла-
тын сөздердің аралығындағы екі дауыстының бірі «жұтылып»,
өлең өлшемі дәл шығатын мұндай мысалдарды көптеп келтіру-
ге болады. Мысалы, Абайдың:
Аласы аз, қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, –
деген өлең жолдарының алғашқысы жазуда 12 буын болғанмен,
алдыңғы сөздің соңғы