Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет122/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

///
кімдігүтөм /// нені медеуғылым /// нетілеймін ///.
Мұндағы бірінші пауза (
қырық күн
дегеннен дейінгі) – 
өз алдына сөйлем іспетті. Сырым бұл монологінде «қырық 


244
күн» деп бөліп айту арқылы Қарагөздің қазасын, ол қазаның 
халық дәстүрі бойынша белгілі бір меже-мерзімі өткенін 
(
қырқы
өткенін) білдіреді де сол уақыттың ішіндегі өзінің жан 
күйінішін баяндайды. 
Қаралы қайғымен, жылаумен
деген-
дердің арасындағы пауза бірыңғай мүшелерді ажыратады. 
Қырық, күн өтті 
дегеннен кейінгі пауза сөйлемнің соңындағы 
дауыс үзілісін танытады. Келесі екі пауза тағы да бірыңғай 
мүшелерді ажыратады да 
деп едім 
дегеннен кейін сөйлем аяқ-
талады. Ал 
мен арсыз
дегеннің екі жағынан паузаның болуы 
оның орны ауысқан, логикалық екпін түскен бастауыш 
екеніне байланысты. 
Тірімін, кімді күтем, нені медеу қылам, 
не тілеймін
дегендердің арасындағы пауза олардың бірыңғай 
баяндауыштар екендігіне байланысты.
Міне, сөйлем ішінде осы тәріздес ырғақтық топтардың 
ара-жігінен өзге тұстарда да паузалар болады екен. Бұл 
паузалардың басым көпшілігі ырғақтық топтардың жігіне сай 
келеді.
Сөйлеу үстінде сөздер мынадай сәттерде бір ырғақпен ай-
тылып, топ құрайды.
1.Анықтауыш пен анықталатын сөздер бір деммен айты-
лады да бір топқа енеді. Мысалы, 
қалқан құлақ, шегір көз, 
қара қарындаш, ақ ерке, тас жол, аямас жау, алты ай, қара 
аспан, ақ орамал, екі қап
дегендердің алдыңғы сөздері (
қалқан, 
шегір
т.б.) – заттың түрін, түсін, сипатын, қасиетін, тегін 
білдіретін анықтауыштар, соңғылары – анықталып тұрған 
сөздер. Мұндай бір ырғақты сөз топтарының компоненттері 
(құрамды бөлшектері) бір-біріне ықпалын тигізеді, сондық-
тан олардың жазылуы мен айтылуы бірдей түсе бермейді. 
Жоғарғы сөздердің дұрыс
Жазылуы:
қалқан құлақ
шегір көз
қара қарындаш
ақ ерке
тас жол
аямас жау
алты ай
қара аспан
Айтылуы
қалқаңғұлақ
шегіргөз
қарағарындаш
ағерке
ташшол
айамашшау
алтай
қараспан


245
Бұл айтылғанға мысал ретінде Абайдың мына бір шумақ 
өлеңінің дұрыс оқылуын (айтылуын) көрсетейік:
Аласаз / қарагөзү / айнадайын //
Жүрөкке / ыстықтійіп / салған сайын //
Үлбүрөген / ағетті / ашығжүзді //
Тісәдемі // көрүппең / кыздыңжайын //.
Анықтауыш пен анықталғыштан тұратын топтардың 
барлығының бірдей айтылуы мен жазылуы бұлайша алшақтана 
бермейді. Мысалы, 
алтын сағат, ағаш қасық, бұран бел, жо-
март адам, арық кой
деген топтар қалай жазылса, солай айты-
лады, өйткені бұлардағы сөздердің бір-біріне тигізетін әсерінде 
дыбыстық өзгерістер болатын сәттер жоқ.
2. Толықтауыш пен баяндауыш, бастауыш пен баяндауыш, 
пысықтауыш пен баяндауыш араларына сөз түсірмей қатар 
келсе, жай хабарлау ретіндегі сөйлемдерде олар бір деммен ай-
тылады. Мысалы, 
Біз үйге кеттік 
деген сөйлем 
Біз/үйгөгеттік 
болып айтылады. Сол сияқты 
Жолаушы тез келді
дегенді 
Жо-
лаушы / тезгелді 
деп айту керек. Мұндағы 
үйге, тез 
деген 
сөздер – толықтауыш, пысықтауыштар да 
кетті, келді 
деген-
дер – баяндауыштар. Сондықтан 
тезгелді, үйгөгеттік 
болып 
үндесіп айтылады.
Кейде баяндауышқа логикалық екпін түсіру керек болады. 
Ондайда баяндауыш дауыс ырғағы жағынан дара айтылады да 
алдыңғы сөзбен үндеспейді. Мысалы, «Еңлік-Кебек» пъесасын-
да Кебек елден пана таба алмай, тау кезіп, тас кешіп кететінін 
білдіріп: 
«Ал / біз / кеттік!»
дейді. Мұнда 
кеттік
сөзіне ой 
екпіні түсу керек, сондықтан бастауыш, баяндауыштар қатар 
тұрғанмен, 
кеттік
сөзі ырғақтық топқа кірмейді, демек, басқы 
дыбысы ұяңдамайды. Тағы бір мысалға мына екі сөйлемді 
салыстырайық: Меңгөрдім / ұзұнғайың / құлағанын // (Абай). 
Мен қазақпын / мың өліп / мың тірілген // (Ж.Молдағалиев). 
Алғашқы өлең жолында бастауыш пен баяндауыш үндесіп 
айтылады 
(меңгөрдім),
өйткені мұнда 
көрдім
сөзіне ой екпіні 
түсіп тұрған жоқ, ал соңғы өлең жолында 
мен / қазақпын 
деген 
бастауыш пен баяндауыш екі бөлікте айтылуға тиіс, өйткені ой 
екпіні өзге ұлт емес, 
қазақпын 
дегенге түсіп тұр, сондықтан 
меңғазақпын
деп үндестірмей, 
мен қазақпын
деп оқыған дұрыс.


246
3. Қазақ тілінде фраза мен идиом деп аталатын қалыптасқан 
тұрақты тіркестер бар, олардың көпшілігі екі-үш сөзден 
тұрады. Бұлар да бір деммен дыбысталатын тұтастық кұрап, 
жымдасып, кірігіп айтылады. Мысалы:
Жазылуы:
ашық ауыз
көз көрім (жер)
қарға адым
қас пен көздің арасында
қырғи қабақ
Айтылуы:
ашығауұз
көзгөрүм
қарғадым
қаспеңгөздүң арасында
қырғиғабақ
Әрине, тұрақты тіркестердің барлығы айтылуда бұлайша 
дыбыстық өзгеріске ұшырай бермейді. Мысалы, 
ат ізін 
салмады, таң сыз берді, ауа жайылды
деген сияқтылар 
жазылған күйінше айтылады, өйткені бұларда да компонентгер 
арасындағы дыбыстық ықпал өзгеріс туғызбайды.
4. Екі-үш сөзден құралып, бір ғана іс-әрекет атауын білдіретін 
күрделі етістік дегендер болады, олар да бір ырғақпен айтыла-
ды.
Жазылуы:
ала келді
келе алмады
бармап па еді
айтып берді
оқып отыр
Айтылуы:
алагелді
келалмады
бармаппеді
айтыпперді
оқыботұр
Күрделі етістіктердің басым көпшілігі бір деммен айтыл-
ғандарымен, дыбыстық өзгеріске ұшырамайды, өйткені бұ-
лардың сөз аралығында үндестік заңдарына қарай дыбыс 
икемделуі жоқ. Мысалы, 
келе жатыр, бара бер, айтып қой
де-
ген сияқты күрделі сөздер жазылған түрінше айтылады.
Күрделі етістіктердің екінші бір тобы
пайда көрді, қол 
қойды, жүрек жалғады, көз көрген, доп ойнады, асық атты, 
еске алды, қайқаң қақты 
сияқты есім мен етістіктен тұратын-
дар болып келеді. Олар да топ құрап, бір ырғақпен айтылады. 
Жоғарғы мысалдардың айтылуы былайша болады: 
пайдагөрдү, 
қолғойдұ, жүрөгжалғады, көзгөргөн, добойнады, асығатты, 
ескалды, қайқаңғақты
.


247
5. 
Ол, бұл, сол, не
деген есімдіктерменкелген тіркестер де 
ырғағы жағынан біртұтас болып айтылады. Мысалы: 
солгез-
де, бұлгүндері, бүлғалада, олғыз, негерек, негеремет, неғылсаң 
оғыл. 
Бұлардың жазылуы: 
сол кезде, бұл күндері, бұл қалада, ол 
қыз, не керек, не керемет, не қылсаң о қыл.
6. 
О, а, я, е 
сияқты одағайларменкелген қаратпа сөздер бір 
дауыс ырғағымен айтылады да, қаратпа сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет