243
Құйрұғұжоқ / жалыжоқ/
Құлаңғайтып / күңгөрөр //
Айағыжоқ /қолұжоқ/
Жылаң ғайтып / күңгөрөр //
«Асанқайғы толғауынан» деп айтылып жүрген бұл сөздердің
жазылуы:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер.
Прозаға қарағанда, өлең тіркестеріндегі сөздердің топта-
рын ажырату оңайырақ, өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрыла-
тындықтан, ондағы сөздердің топтасуы өз-өзінен шығып
тұрады, оның үстіне бұған әр тармақтың ара-жігі, ұйқас деген-
дер де көмектеседі.
Қара сөзбен келген текстерде де сөздер топтарға жіктеліп
айтылады. Мысалы, «Қарагөз» драмасындағы Сырымның
мына монологіндегі сөздер былайша топтасады:
Қырықкүн // қаралығайғымен / жылаумен / кырықкүнөттү
// алдағашан / өлөрмін / итөмүрден / кетермін / дебедім //
әлігүнгө / менарсыз / тірімін // кімдігүтөм / нені / медеуғылам
/ нетілеймін //.
Бұл текстің жазудағы түрі: Қырық күн! Қаралы қайғымен,
жылаумен қырық күн өтті. Әлдеқашан өлермін, ит өмірден
кетермін деп едім. Әлі күнге мен арсыз тірімін! Кімді күтем,
нені медеу қылам, не тілеймін ?
Ырғақтық-мелодикалық топтардың ара-жігінде әрдайым
айқын сезінерліктей дауыс кідірісі (пауза) бола бермейді, анық
пауза көбінесе сөйлемнің соңында, бірыңғай мүшелердің
арасында, оңашаланған не айқындалған мүшелердің айтылу-
ында, тағы сол сияқты синтаксистік жіктердің аралығында
болады. Мысалы, жоғарғы тексті терең паузаларға қарай
ажыратсақ, былайша белгіленер еді! (бұл жерде паузалардың
ара-жігіне үш тік сызықша қойылды): Қырықкүн /// қаралы
қайғымен /// жылаумен қырықкүн өттү /// алдағашан өлөрмін ///
ит өмүрден кетермін дебемім /// әлігүнгө /// менарсыз /// тірімін
Достарыңызбен бөлісу: