Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§ 5.  Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алғашқысы  з



Pdf көрінісі
бет124/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

§ 5.  Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алғашқысы  з  де-ген
ұяң   дыбысқа   аяқталса,   келесі   сөз  с  деген   қатаң   дыбыстан
басталса,   айтылуда   қос  сс  болып   естіледі.   Бұл   заң   түбір   мен
қосымшаның аралығына да тән. Мысалдар: жүз сом, жаз сай-
ын, сөзсіз, бұлардың айтылуы: жүссом, жассайын, сөссүз.
Бұл   ережеге   жаттығу   ретінде   «Айман-Шолпан»
пьесасынан Жарастың мына сөзін келтірейік:
Жазылуы:
Айтылуы:
Құдаға кел, жамағат, көз
Құдағагел / жамағат / көс-
салайық,
салайық /
Жарасқан сән-тұрманын
Жарасқан / сәнтұрманын /
біз санайық.
біссанайық //
Маржаны құмалақтан,
Маржаны / құмалақтан /
құрымжелек,
құрұмжелек
Қамшыны жібек бауға
Қамшыны / жібекпауға /
шамалайық.
шамалайық //
§  6.  Бір   ырғақпен  айтылатын   сөздердің   алдыңғы   сыңары  н
дыбысына   аяқталса,   келесі   сыңары  қ,  к,  ғ,  г  дыбыстарының
бірінен   басталса,  н  өзгеріп,  ң  болып   айтылады.   Мысалы:
Аман+келді,  айтылуы  Амаңгелді  (бұл   жерде   ілгерінді-кейінді
ықпал болып тұр: ілгергі н дыбысы кейінгі  к дыбысын г дыбы-
сына айналдырса, г дыбысы н дыбысын ң-ға айналдырып тұр).
Осы сияқты бөкен қабақ, жан қалқа, Айманкүл, Боранғали де-
ген сөздердің айтылуы: бөкеңғабақ, жаңғалқа, Аймаңгүл (бұл
Аймаңкүл болып та айтылады), Бораңғали.
Бұл ереже түбір мен қосымшаның арасындағы дыбыстар
өзгерісіне де жатады. Мысалы: қашанғы (қашан+ғы), түнгі
(түн+гі),  зиянкес  (зиян+кес),  құйынға  (құйын+ға)  сияқты
260


қосымшалы сөздер қашаңғы, түңгі, зыйаңкес, құйұңға болып 
айтылады.
Мына мәтінді дұрыс оқып көрелік:
Жазылуы:
Ішім өлген, сыртым сау
Көрінгенге деймін- ау. 
Бүгінгі дос – ертең жау
Мен не қылдым, япырмау?!
Жан қысылса, жайтаңдап, 
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге 
Жат мінезсің, жабырқау.
Айтылуы:
Ішімөлген/сыртымсау/ 
Көрүңгеңге / деймінау // 
Бүгүңгүдос / ертеңжау // 
Меннеғылдым / йапырмау //
Жаңғысылса / жайтаңдап / 
Жандеріткен / жайдарау // 
Жанжайтапса сеннеге // 
Жатмінессің / жабырқау //
(Абай)
Бірінші сөз н дыбысына аяқталып, келесі сөз қ, к, ғ, г ды-
быстарынан   басталып   тұрған   сәттің   кез   келгенінде   мүндай
өзгеріс бола бермейді, яғни олар бір топқа енбей, екі белек
топта тұрса, бір-біріне әсер етпейді. Мысалы, «Қарақыпшақ
Қобыланды»   пьесасынан   Қобыландының   мына   бір   сөзінің
дұрыс айтылуын көрелік:
Жазылуы
Айтылуы
Ұлын құл ғып, қызын күң,
Ұлын / құлғып / қызын / күң/
Қақсатып болған қызылбас.
Қақсатыпполған / қызылбас//
Мұнда н – қ, н – к дыбыстары қатар келгенмен, бір-біріне
әсер етпейді, өйткені қатар тұрған сөздер екі бөлек ырғақта
тұр, сондықтан бұл жерде қ дыбысы ғ-ға, н дыбысы ң-ға ай-
налмайды.
Осы ережеге сай етіп, әрі алдыңғы қағидаларды ескеріп,
мына   мәтіндерді   дұрыс   айтып   көріңдер.   Ол   үшін   топтарға
бөліп алыңдар.
Анталаған жауың көп 
Қас қамауда біз қалсақ,
Жан көке, кімге тапсырдың? 
Тоғай толған жылқың бар, 
Қора толған қойың бар, Жан 
көке, кімге тапсырдың?
(М. Әуезов)
Жаңа жыл мың тоғыз жүз қырық бесінші, 
Құйшы, дос! Қыран көңіл, бір желпінші!
261


Қан қырғын, қызыл соқта толастар ма? 
Жаңа жыл, айт та маған, ал сүйінші!
(Қ. Аманжолов)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет