Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§ 1. Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп



Pdf көрінісі
бет120/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

§ 1. Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, өзара
үйлесетін, үндесетін тұстарының  бірі – қатаң  дыбыстардың
ұяңдайтын жерлері.
Ырғақтық топ құрайтын сөздердің алғашқысы дауысты  а,
е, ы, і, у (ұу, үу), и (ый, ій)  дыбыстарының біріне аяқталса,
екінші сөз қ, к дыбыстарынан басталса, соңғылар ұяңдап, ғ, г
болып айтылады.
Мысалдар:   1)   Сөйлеу   үстінде   ырғақтық   топ   құрайтын
анық-тауыш   пен   анықталғыштардың   қатаң
 қ, 
к
дыбыстарының ұяңдауы:
Жазылуы:
Айтылуы:
бала кезде
балагезде
ала көлеңке
алагөлеңке
ата қоныс
атағоныс
жаңа қала
жаңағала
ескі киім
ескігійім
қысқы киім
қысқыгійім
қыли көз
қылигөз
Мәтінмен келтірілген мысалдың айтылуы 
(оқылуы): Білектей / арқасында / өргенбұрұм / 
Шолпұсұ / сылдырғағып / жүрсақырын // 
Кәмшәтбөрүк / ақтамақ / қарағасты / Сұлұуғыздың /
көрүппең / мұндайтүрүн //
(Абай)
Мұнда өрген бұрым, кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара 
қасты,
сұлу қыз, мұндай түр деген сөздер  анықтауышты тіркестер,
бұлар   бір   ырғақпен   айтылады.   Осылардың   ішінде   жоғарғы
ережеге мысал болатындары сұлуғыз, қарағасты болып айты-
лады.
2)   Қатар   келіп   ырғақтық   топ   құрайтын   толықтауыш   пен
баяндауыш,   пысықтауыш   пен   баяндауыш,   бастауыш   пен
баяндауыштардың   араларындағы   қатаң   дыбыстар   ұяңдап
айтылады. Мысалы: мен киноға бармай, үйге келдім; ол кі-тап
оқығанды  жақсы   көреді;   ол   шақыртпай  өзі   келді  де-ген
сөйлемдердегі   курсивпен   көрсетілген   сөйлем   мүшелері   бір
ырғақтық топ құрайды, сондықтан олар үйгөгелдім,
жақсыгөрөд, өзүгелд(і) болып айтылады.
256


3)   Біріккен   сөздердің   бөліктері   (компоненттері)   де   бір
ырғақпен   айтылады,   сондықтан   бұлардың   екінші   бөлігінің
басындағы қ, к дыбыстары алдыңғы компоненттің соңы дау-
ысты дыбыстарға аяқталып тұрса, ұяңдап айтылады:
Жазылуы:
Айтылуы:
Талдықорған
Талдығорған
қаракүйе
қарагүйө
қарақұрт
қарағұрт
алакөз (құс атауы)
алагөз
Меңдіқыз
Мендіғыз
Сарыкөл
Сарыгөл
4) Қос сөздердіңсыңарлары да осы заңға бағынады:
Жазылуы:
Айтылуы:
баса-көктеп
басагөктеп
қара-құра
қарағұра
келе-келе
келегеле
қора-қопсық
қорағопсұ
5) Сөйлем ішінде сөз дауысты дыбыстарға аяқгалып, оған
қатысты шылаулар  қ  дыбысынан басталса, шылаудың басқы
дыбысы ұяң айтылады:
Жазылуы:
Айтылуы:
желге қарсы
желгеғарсы
үйге қарай
үйгөғарай
елу қаралы
елүуғаралы
екі қайтара
екіғайтара немесе
екқайтара
үй қасында
үйғасында
1-баптағы (параграфтағы) ережеге қарап, мына өлең шума-
ғының   дұрыс   айтылуын   (оқылуын)   көрсетіндер;   ол   үшін,
әрине,   мұндағы   сөздерді   ырғақтық   топтарға   бөліңдер;   бұл
мәтінде ырғақтық топтардың қайсысының айтылуы берілген
ережеге қатысты екенін айтыңдар.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген, 
Қыз қайда құдашадай көзі күлген? 
Алыстан ат арытып келгенімде, 
Шақыртпай еш адамға, өзі келген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет