§29. Кейбір шылаулардың дыбыстық қатарлары болады, яғни
өзіне қатысты алдыңғы сөздің аяқталар дыбысының әуеніне
қарай шылау сөздің басқы дыбысы да не ұяң, не қатаң болып
құбылып айтылады (және солай жазылады). Мысалы: Ол өлең
айтып қана қоймады, домбыра да тартты. Жақып қана жаңа
келді, өзгелер әлдеқашан келген-ді. Тек қана бір тілегім бар
деген мысалдарда шылау қатаң к дыбысынан басталады және
солай жазылады, өйткені шылаудың алдындағы сөздер (айтып,
Жақып, тек) п, к деген қатаң дыбыстарға аяқталып тұр. Ал
мына сөйлемдерде шылау ғана түрінде айтылады (және
жазылады): жалғыз ғана тілегім бар; жаңа ғана келдім; ол ради-
одан ғана сөйледі. Бұларда шылаулардың алдындағы сөздер не
281
дауысты дыбысқа (жаңа), не ұяң, сонор дыбыстарға (жалғыз,
радиодан) аяқталып тұр.
Осы сияқты мен, бен, пен (домбыра мен қобыз, қобыз бен
домбыра, дауыс пен үн), да/де, та/те (барса да, барып та
келді), дағы, тағы (барса дағы, айтып тағы үлгерді), ғой, қой
(айттың ғой, хат қой менің күткенім), құрлы, ғұрлы (жат құрлы,
бала ғүрлы) деген шылаулар да өздерінің алдындағы сөздің
соңғы дыбысына қарай бірде ұяң, бірде қатаң дыбыстармен
айтыла береді (және солай жазылады). Сондықтан бала құрлы
ақылың жоқ, айтарың осы қана ма, келіп де үлгердің бе деген
сияқты етіп айтуға, дыбыстауға болмайды. (Бала ғұрлы, келіп
те деп айтылуы керек).
§30. Кейбір сөздердің дыбыстық екі вариантының қатар
айтыла беруі әдеби тіліміздің орфоэпиясына қайшы келмейді.
Бірақ мұндай сөздер онша көп емес. Мысалы: мұның – бұның,
мұнда – бұнда, шейін – дейін, нажағай – найзағай, уану –
жұбану, разы – риза, жаздың күні – жаздыгүні. Бұл сөздердің
варианттылығының басты себебі – орфоэпияға байланысты
емес, өзгеде.
Сол сияқты шайтан ~ сайтан, үкімет ~ өкімет, айқай ~
айғай, Құдай ~ Құдая, заман ~ замана, ашық ~ ғашық сияқты
бірқатар сөздер де екі вариантта қолданылады. Бұлардың ор-
фоэпиясы жазылған түрінде болуы керек. Өйткені бұл
сөздерді екі түрлі етіп қолдануда қазіргі тіліміз белгілі бір
мақсатты көздейді. Мысалы, өкімет пен үкімет (екеуінің
түбірі – бір сөз) деген сөздердің алғашқысы «государство»
дегеннің бала-масы ретінде қалыптасты; шайтан ~ сайтан
сөздерін ақын-жазушылар көбінесе стильдік мақсатта
ажыратып қолданады: шайтаны «кәдімгі жын-шайтанды»
білдірсе, сайтаны көбінесе «өжет, өзгені билеп алатын сиқыр
қылықты» деген жақсы мәнде жұмсалады. Мысалы, Жұбан
Молдағалиевтің мына жолдарына назар аударыңыз, мұнда
сайтан сөзі «жын-шайтан» мәнінде емес, жақсы мәнде:
Мен қазақпын, қара көз сайтан қызбын,
Сөйлей қалсам, тілімнен бал
тамғыздым. Сүйе қалсам, өмірдей өле
сүйдім, Қас батырмен айқасқам балтам
жүзін.
Ашық (асық) – ғашық, Құдай – Құдая, заман – замана
282
сияқты параллельдерді ақындар буын санының артық-кемі
қажет болған сәттерде кезек таңдап қолдана береді. Олар сол
қолданылған түрінде айтылады (дыбысталады). Мысалы,
Абай:
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар
тайып, жақсы сөзден жаңылса да, –
дегенінде асық вариантын алады, өйткені дауыстыдан бастал-
ған асық сөзі алдындағы сөздің соңғы буынымен кірігіп, сор-
ла-сық түрінде үш буын құрайды, егер ғашық вариантын алса
сор-лы ға- шық болып 4 буын болып кетер еді де 11 буын-ды
тармақтың өлең өлшемі дұрыс шықпас еді. Ал өзге сәттерде
Абай « ғашықтың тілі – тілсіз тіл» немесе «сен шошыдың
ғашығыңнан» деп ғашық вариантын жұмсайды. Міне, бұл
тәрізді бір сөздің белгілі бір мақсатпен әдейі қолданылған екі
вариантының екеуі де әдеби нормаға жататындықтан,
олардың айтылуы да екі түрлі (яғни қалай берілсе, сол
түрінде) болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |