Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет140/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

кль,   брь,   бль  тәрізді   дауыссыз   дыбыстар   мен   жіңішкелік
белгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік  белгісіне аяқтал-
ған   бір   буынды   сөздерге   қазақ   тілі   қосымшалары   әрдайым
жіңішке   жалғанады,   яғни   сөздің   соңғы   буыны   тұтас   өзі   жуан
болса да, қосымша буын үндестік заңына бағынбай жалғанады
және жіңішке айтылады (әрі солай жазылады). Ансамбілге
(жазылуы: ансамбльге), ансамбілдер (жазылуы: ансамбльдер),
ансамбілі (жазылуы: ансамблі, мұнда сөз түгелімен жуан, тек
соңғы дауыссызы жіңішке ль), бинокльдің (айтылуы:
бинокілдің), биноклім (айтылуы: бинокілім), бинокльдер (ай-
тылуы: бинокілдер). Мұнда сөздің соңғы буыны нокль – жуан.
278


Тюль, тюльдің (айтылуы: тюлдің), тюльге, тюлі (сөз бір бу-
ынды,   бірақ   жіңішке  ль  дыбысына   аяқталған),  князьдің,
князьдер, князі (сөз зь дыбысына аяқталған және бір буынды
болғандықтан, қосымша жіңішке жалғанып тұр).
Бұл   сияқты   дауыссыз   дыбыстары,   әсіресе   сөз   соңындағы
дауыссызы орыс тілінде жіңішке айтылатын сөздердің қазақша
дыбысталуында   дауыстылардың   ыңғайы   (жуан-жіңішкелігі)
емес, дауыссыздардың айтылу ыңғайы шешуші рөл атқарады.
Осы   ережені   ескеріп,   мына   сөздерге   қазақша   қосымша
жалғап, дұрыс айтып көріңдер.
Капсюль, бандероль, ноябрь, верфь, автомобиль, акрополь,
бронь, водевиль, виолончель, вестибюль, вымпель, госпиталь.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет