4) Қазақтың төл сөздерінде
ч, дж дыбыстары айтылмай-
ды. Қазақстанның кейбір өлкелерінде жергілікті ерекшелікке
байланысты ауызекі сөйлеу тілінде
ш, ж дыбыстары келетін
сөздерді
ч, дж дыбыстарымен айту дәстүрі бар. Мысалы:
чатақ, чырақ, малчы, джақсы, джоқ. Бірақ әдеби тіліміздің
орфоэпиялық нормасы бойынша, қазақ сөздерін тек
ш, ж
дыбыстарымен айту керек болады. Ескертетін нәрсе дыбыс
жүйесін зерттеушілер
ж дыбысының қазақ сөздерінде, әсіресе
сөз басында айтылуына сәл-сәл
д элементі қатысатынын
айтады.
5)
X әрпімен жазылатын араб, парсы сөздерінде ауызекі тіл-де
бұл дыбыс қазақша
қ дыбысына жуықтаңқырап айтылады.
Мысалы:
қабар (хабар дегеннен гөрі),
қат (хат дегеннен гөрі),
Ақымет (Ахмет дегеннен гөрі),
Қадыйша (Хадиша дегеннен
гөрі),
тарыйқ (тарих дегеннен гөрі),
қалық (халық дегеннен
гөрі).
6)
һ әрпі жазылған сөздерде осы дыбыстың өзінің айты-
луын сақтау қажет. Мысалы:
гәуһар (гәуқар емес),
қаһарман
(қахарман емес),
жиһан (жиқан немесе
жихан емес),
аһ-аһ,
еһе.
7) Екі дауыстының ортасында келген
б дыбысы қазақ
сөздерінде жеке тұрғандағы айтылуынан сәл өзгешелеу болып
естіледі. Мысалы,
Абай, таба, көбелек сөздеріндегі
б дыбысын
айтқанда, екі еріп бір-біріне тиіп қатты жуыспайды (осы ды-
бысты жеке айтқандағыдай немесе орысша дыбыстағандай).
Мұны байқау үшін
Абай деген сөзді орысша (орыс тілінде
сөйлеп тұрғандай) және қазақша айтып көріңдер. Не болмаса
баба деген орыс сөзі мен
баба («ата»
мағынасындағы)
деген
қазақ сөзін айтып, екінші буындағы
б дыбысының естілуіндегі
(айтылуындағы) айырмашылығына назар аударыңдар.
Орыс тілін жақсы білетін қазіргі жастардың қазақша
сөйлеу тәжірибесінде қазақ сөздеріндегі
б дыбысын орыс
тіліндегі-дей етіп, екі ерінді бір-біріне қатты жабыстырып
айтушылық байқалады. Бұл қазақ тілінің орфоэпиялық
нормасына қайшы келеді.
8) Қазақ фамилияларында келетін
в дыбысын
ф деп, ал,
-
Достарыңызбен бөлісу: