Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет21/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

– Күләштің. Ал кейбір қосымшалар, мысалы, барыс жал-ғауы
немесе   етістік тудыратын  -ла/-ле,   -да/   -де,  -та/-те  жұрнағы
жуан түрде жалғануға бейім:  күнәлау,  Күләшқа,  куәландыру.
Мұндай ауытқуларға емле ережелерінің де тигі-зетін ықпалы
бар,   яғни  күнәға,  куәландыру  деп   жазу   нормасы   солай
дыбыстауға  дағдыландырады және оны орфоэпиялық норма
ретіндетұрақтандыра   түседі.   Қазақ   тілінің   үндестік
заңдылығын   бұзып   ұсынылған   нормалар   әсіресе   кірме
сөздерге, кірме элементтерге (жұрнақтарға) қатысты болып
3
  Костомаров В.Г.  Культура языка и речи в свете языковой политики  //Язык и
стиль. - М., 1965; Пешковский А.М. Объективная и нормативная точки зрения на язык
// Избранные труды. - М., 1959.
51


келеді.   Мысалы,   кірме  -паз,   -қор,   -қой  жұрнақтары   жіңішке
сөздерге   де   осы   жуан   түрінде   жалғанады   немесе  -гер  деген
жұрнақ жуан  сөздерге де жіңішке жалғанады:  өнерпаз,  сәнқой,
шайқор,  саудагер.  Сірә,  бұл  тәрізді   сәйкессіздіктер,  яғни  қазақ
тілінің   үндестік   заңдарына   бағынбай   қолданылудың   уәжінде
(мотивациясында)   тілдің   өзіне   тән   кейбір   модельдер   жататын
болуы керек. Айталық, -мен  (-бен, -пен)  көмектес жалғауының
(оның   түп-төркіні   шылау   екені   мәлім),  -нікі  (-дікі,   -тікі)
қосымшасының жуан вариантының, -қой (сәнқой) сияқты бірен-
саран жұрнақтардың  жіңішке вариантының жоқтығы бұлардың
да   қазақ   тілінің   фонетикалық   нормасына   сай   келмей-тінін
көрсетеді.   Ал   бұларды   сөзден   ажыратылмайтын   қосымша   деп
танып, біріктіріп жазу – кодификацияның жемісі.
Тілдің   өзіне   тән   табиғи   нормасы   мен   ереже   арқылы   ұсы-
нылып кодификацияланған нормалардың айырмасы жазба тілдің
қолданыс   тәжірибесінде   едәуір   байқалады.   Мысалы,   сөз
соңындағы  қ,  к,  п  сияқты   қатаң   дыбыстардың   дауысты   ды-
быстан   тұратын   немесе   дауыстыдан   басталатын   қосымшалар
жалғанғанда ұяңдауы – қазақ тілінің табиғи нормасы, ал қазіргі
жазба әдеби тілімізде:  цех  –  цехы,  шах  –  шахы,  принцип  –  при-
нципі, сап – сапында, тарих – тарихы, тип – типі, грипп – гри-
пі  (жұқты)  болып айтылуы және солай жазылуы осы норма-ны
бұзып тұр. Сірә, бұл ауытқулыққа бірнеше фактор себеп болса
керек:   біріншіден,  х  дыбысының   қазақ   сөзінің   соңында
қолданылмайтындығы   оны  қ-ның   қатарына   жібермей,   қатаң
түрінде сақтауға итермелейтін сияқты, екіншіден, тариғы, шағы,
цегы, сабы, тибі, грибі  деп дыбыстау бұл сөздердің  (көбі  кірме
элементтердің) тұлғалық төркінін өзгертіп, мағынасын түсінуге
қиындық   келтіретін   қаупі   де   туатын   болу   керек,   үшіншіден,
соңғы қатаң дауыстыларды ұяңдатпай жазу емлесі де қатаң түрде
дыбыстауға,   демек,   осылайша   нормаландыруға   алып   келген
сияқты.   Араб   жазуын,   тіпті   1929-1940   жылдар   ішінде   латын
жазуын пайдаланған кезде бұл сөздердің соңғы дыбысы ұяңдап
айтылуы мен жазылуы орын алған болар.
Демек, уақыт озған сайын, әсіресе жазба тіл тәжірибесінде
«норма   ауысуы»,   «нормалар   варианты»   (немесе   «вариантты
нормалар»)  деген құбылыстар  пайда болатынын  байқаймыз.
Норма ауысу актісі, әрине, түбегейлі емес, жеке нормалардың
52


өзгеруі түрінде болады және бір сәттік акт емес, ол ұзағырақ
уақытты алады. Мысалы, үстіміздегі ғасырдың бас кезінде-гі
жазба   әдеби   тіліміздің   өзінде  дәреже,  және,  қазір,  мағына
сияқты сөздер қазіргіден басқаша түрде  айтылып, жазылып
келді:  даража,  жаңа,  кәзір,  мағана.  Бұлардың   айтылу,  жа-
зылу нормасы едәуір ұзақ уақытқа созылды. Мұның ізін кей-
бір   фонетикалық   дублеттердің,   лексикалық,   орфографиялық
варианттардың осы күнге дейін орын алып келе жатқанынан
көріп байқаймыз. Мысалы, адал – алал, зарар – залал, ақиқат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет