Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет22/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

– хақиқат, өмір – ғұмыр, бейіл – пейіл, ғаділет – әділет, ғазиз
– әзіз, диірмен – тиірмен, нәсіп – несібе.
Әдетте  жаңа норма  әсіресе  лексика  саласында  әдеби  жазба
тілдің өзінде емес, ауызша қолданыста пайда болады. Мысалы,
бұл күнде қазақ жазушылары тілінде – көркем әдебиетте, тіпті
ішінара публицистикалық үлгілерде қолданыла бастаған по-
шым, толайым, дей тұрғанмен сияқты сөздер немесе барады
емес   пе  (бармай   ма  деудің   орнына)  сияқты,  сондай-ақ
барғысы   жоқ,   айтқысы   жоқ  тәрізді   грамматикалық
құрылымдар   о   бас-та   ауызша   сөйлеу   тәжірибесінде   орын
алып,   бірте-бірте   жазба   үлгілерге   ауысқан.   Бұл   фактілер
жарыспа нормаларды таныта-ды.
Нормалардың   ауысуы   мен   жарыспа   түрлерінің   пайда   бо-
луында   тілдің   өзі   туғызған   мотивтермен   қатар,   экстралин-
гвистикалық   факторлар   себеп   болады.   Мысалы,   араб,   парсы
тілдерінен   енген   кейбір   сөздердің   варианттылығы   тілдің   өз
заңдылықтарына сәйкес  пайда болғандары мен  жазба дәстүрді
сақтау   сияқты   түпнұсқалық   вариантын   қолдану   қатар   жүріп
келді: есеп – қисап, хүкімет – үкімет, амал – ғамал, өмір
– ғұмыр, ғашық – асық, әрекет – харекет.  Бұл қатарға күні
бүгінге дейін орын алып келе жатқан фонетикалық дублеттер-
ді қосуға болады: бәле – пәле, бәлі – пәлі, пейіл – бейіл, бенде
– пенде, гауһар – жауһар, ғашық – асық, дағуа – дауа.
Лексикалық та, фонетикалық та жарыспа тұлғалардың дені
– кірме элементтер, оның ішінде де араб, парсы сөздері болып
келеді.   Дегенмен   төл   сөздердің   арасынан   да   варианттылық
құбылысын кездестіре аламыз: дәнеңе – дәнеме, бірдеңе – бір-
деме,   бұндай – мұндай,  бұнша – мұнша,  едірею  – ежірею,
жәбір – зәбір, жұбану – уану т.т.
53


Бұл қатарлардың XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасыр-
дың алғашқы онжылдықтарында кезектесе, бір мәтіннің ішін-
де   екеуі   де   қолданылғанын  көрсек,   бұл  күндегі   қолданыста
қатар   сыңарларының   жеке-жеке   лексикалық-семантикалық
бірлікке (сөзге) айналуы, дәлірек айтсақ, айналдырылуы орын
алып келе жатқанын айта аламыз. Бұлар жөнінде толығырақ
«Варианттылық және норма» деген тарауда сөз болады. Норма
проблемасындағы   варианттылық  мәселесі   осы   жерден  келіп
шығады. Варианттылық – тіл мәдениетінің, яғни нормалану
процесінің ең өзекті бөлігі.
Зерттеушілердің   байқауынша,   норманың   күші,   яғни   қатаң
сақталуға   тиіс   тұстары   тілдің   барлық   қаттауында   бірдей   емес.
Айталық,   қазақ   тілінде   орфографиялық,   грамматикалық,
пунктуациялық   нормалар   (ережелер)   қатаң   сақталады,   ал
сөздерді   таңдауда,   жұмсауда   норма   заңдылықтарына   біршама
еркіндеу қараушылық байқалады. Лексика саласында, біздің-ше,
қатаң   ұстануды   керек   ететін   тұс   –   сөздердің   тіркесу   тәртібі.
Айталық,   кейбір   есім   сөздер,   етістіктер,   көмекші   есімдер   тек
қана немесе  көбінесе  жағымсыз  мағына  беретін  сәттерде,  енді
біреулері жағымды мағына беруде тіркеседі: мысалы,
арқасында  деген көмекші есім тек  жағымды мағынада айты-
латын   тұста   келеді:   табыстың   арқасында,   денсаулықтың
арқасында, байлықтың арқасында, ал кемшіліктің, шығын-ның,
сәтсіздіктіңарқасында,   науқастың   арқасында,   қайыршы-
лықтың, кедейліктің, бейшаралықтың арқасында деп айтыл-
майды. Тағы бір мысал: қазақ тілінде көптеген тіркестердің
етістік компоненті тек қана болымсыз түрде келеді: көз алмау,
көз айырмау, ұйқы көрмеу, күн көрсетпеу, шаңын көрсетпеу.
Бұлардың көз алу, көз айыру, ұйқы көру, күн көрсету, шаңын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет