Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет3/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
қалыптастырылу,  тағы   бір   тұста  заңдастырылып,   хатқа
түсірілуі деп әрқилы атадық. Сірә, ғылым тілі үшін дұрысы
–   «кодификация»   деген   интернационалдық   терминді   қалдыру
(жұмсау),   ал   қалың   жұртшылыққа   түсініктірек   болу   үшін,
ыңғайына қарай қазақшалап отырудың да жөні бар. Қайткенде де
қазақша терминдік балама ұсыну қажет болса, «қалыптандыру»
сөзі мағына жағынан дәлірек келер ме еді. Кодификация – тілдің
өзінің «әрекеті» емес, оны қолданушы, қолданысын реттеуші –
біздің  (адамдардың) қарекетіміз,  сондықтан  «норма және оның
қалыптануы»   дегеннен   гөрі   «норма   және   оны   қалыптандыру»
деп атаған да дұрыс болатын сияқты.  Кодификация  терминінің
мағынасы   –   дұрыс   деп   танылған   тілдік   нормаларды   қалыпқа
түсіріп, жинақтап көрсету, бұдан да гөрі дәлірек айтсақ, тілдік
нормалардың   қалыпқа   түсіп,   жаппай   қолданыс   тапқандарын
орнықтыру, заңдастыру, тіркеу.
Кодификацияланған   нормалардың   қолданысы   міндетті,
сондықтан   «заңдастырылуы»   дегеніміз   де   –   дәлелсіз   емес.
Нормаларды   ұстанудың   қалың   көпшілік   үшін   міндеттілігі   ко-
дификацияны   екі  жағынан  көрсетеді.   Бір  қарағанда,  кодифика-
ция тұрақтандырылған, қалыпқа келтірілген және міндеттел-ген
шара болғандықтан, онда біршама консерватизм сипаты болады,
ал консерватизм қандай да болмасын дамуға, өзге-рістерге тұсау
болады,   нормалардың   кодификациясы   «ке-шегі   күнге»
қаратылған   болып   келеді,   яғни   бүгінге   дейін   қалыптасқан,
орныққан,   хатталған   заңдылықтарды   (норма-ларды)   ұстануды
міндеттейді.   Бұл   –   кодификацияның   «кеже-гесі   кейін   тартып
тұратын» жағы, ал жағымды, жақсы жағы
–   ол   тілдің   қолданысында   жүйелі   тәртіп   орнатады,   тілдік
заңдылықтарды тұрақтандырады, әдеби нормадан тысқары
8


элементтерді тоғытып жіберуден сақтайды. Кодификацияның
осындай   екі   жағының   екеуін   де   есептей   отырып,   орыс   тіл
білім-паздары   айтқандай:   «алды-артын   байқаған»
либерализмнің ор-тасынан шыққан дұрыс.
Кодификацияның беріктігі де шартты: қалыптанған норма-
лардың   императивтік   (міндетті)   түрлері   мен   диспозитивтік
(таңдап алатын) түрлері болады. Қазақ әдеби тілінде, әсіресе
лексикалық   нормалардың   диспозитивтік   түрлері   баршылық
(олар жөнінде мысалдарымен көрсетіліп, кең түрде келесі та-
рауларда айтылады).
Тіл мәдениеті, норма дегендерге қатысы бар терминдердің
және бірі – узус. Орыс тіл білімінде бұған көбінесе «узус
– қолданылып кеткен тілдік бірліктер» деген түсініктеме бе-реді,
узустың   қарама-қарсысында   окказионалдық   бірліктер,   яғни
әдеттегі   (нормадағы)   мағынадан   бөлек,   тек   сол   контек-сте
келтірілген   мағынада   жұмсалған   сөздер   тұрады.   Узус   пен
окказионализмдер   –   оппозитивтік   (қарама-қарсы   тұрған)
дүниелер.   Сірә,   дұрыс   қолданыстағы   бірлікті   (сөзді,   тіркес-ті,
сөйлемді)   «узус»   дейтін   болсақ,   оның   «нормативтік   бір-лік»
дегеннен   қандай   айырмасы   болады?   Сондықтан   біз  узус  деп
тілдік   жүйеге   қайшы   келгенмен,   тілдік   дағдыға   айналған
қолданысты   атағанды   дұрыс   деп   санаймыз.   Бұған   зерттеуші
Н.Уәлиев   жақсы   мысалдар   келтіреді.   Мысалы,   қазақ   тілінің
жүйесі   бойынша  ер  (атқа   салатын)   деген   зат   есімнен   етістік
тудырғанда  ерле  болуға  тиіс, бірақ қолданыста  ертте  тұлғасы
жиірек кездеседі, сол сияқты қозы сөзінен етістік қозылады деп
жасалуы керек, бірақ қазақ тілінде  қоздады  түрі қолданылады.
Ал   біздің   байқауымызша,   бұл   күнде  туды-туылды  деген   жа-
рыспа   қатардың   қолданыстары   пікір   таласын   тудырып   келеді.
«Пәленше   пәлен   жылы  туды»   деп   айтылып   келген   сөйлемді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет